Ст. 612 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
612-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер, сондай-ақ азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерде алынады: 1) неке қиюды тiркегенi үшiн – 1 АЕК;
2) неке бұзуды тiркегенi үшiн:
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша – 2 АЕК;
белгіленген тәртiппен хабарсыз кеткен деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде – 0,1 АЕК;
3) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын өзгертуді тiркегенi үшiн – 2 АЕК;
4) азаматтық хал актiлерiнің жазбаларын, әке болуды анықтауға және бала асырап алуға байланысты өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда, өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн – 0,5 АЕК;
5) азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi бергенi үшiн – 1 АЕК;
6) шетел азаматтарының бала асырап алуы кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізгені үшін немесе дербес деректерінің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркегені үшiн – 2 АЕК;
7) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар бергені үшін – 0,3 АЕК;
8) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 0,5 АЕК;
9) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 1 АЕК.
Ескерту. 612-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Юрист - консультант, с адвокатским стажем с 1997 года,гражданские дела,развод,наследство,алименты,взыскании суммы и т.д.уголовные дела и административные дела,консультация, составления жалоб на следователей,судей,прокуроров,обжалования их незаконных действий, условно-жосрочное освобождение.
оспаривать оценку, если она завышена
Добрый день . Кто может ответить ? Если тебя лишают функциональных обязанностей работаю госсударственным служащим при этом не ознакамливают с приказом или изменением функциональных обязанностей. Работаю главным бухгалтером, была два месяца на больничном, вышла на работу и заместитель отдела отозвал ЭЦП ключ для работы в Казначействе, удалил в моем компьютере Бухгалтерскую Программу 1С. Написала служебное письмо, ответа нет уже 10 рабочих дней. Я считаю это превышение должностных полномочий.
Здравствуйте у меня было ДТП 19.11.2019 году до этого меня лешили водительские права.Суде меня сделал виновным и страховой компания оплатил пострадавшим машину,теперь сегодня страховой полис отпрвил письмо по стати 28 хотят чтобы я оплатил их расходы что делать?
понятия "отказ от ребенка" нет, признанный отец усыновленного ребенка обязан нести ответственность по его и вашему содержанию, вы вправе предъявить требование об уплате алиментов.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей