Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 654 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
654-бап. Бейрезидент-жеке тұлғаның салық салудан босатылған кірістері

Бейрезидент-жеке тұлғаның мынадай кірістері салық салуға жатпайды: 

1) сыртқы сауда қызметі жөніндегі келісімшартқа байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді қоспағанда, осы сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар берумен байланысты төлемдер; 

2) борыштық бағалы қағаздарды сатып алу кезінде олар бойынша жинақталған (есептелген) сыйақылардың резидент-сатып алушылар төлеген сомалары; 

3) бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақыларды есепке жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміндегі осындай дивидендтер мен сыйақылар. 

Бұл ретте осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі күнтізбелік жылда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өлшемшарттарға сәйкес биржада сауда-саттық жүзеге асырылған бағалы қағаздар бойынша есепке жазылған дивидендтерге және сыйақыларға қолданылады; 

4) алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2030 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер; 

6) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер; 

7) егер осы тармақтың 6) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген, жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің резиденті болған тұлғаның кірістерін қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген, резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістер бір мезгілде мынадай: 

акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі; 

осындай эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін осындай консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы; 

жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын осындай заңды тұлғалардың (тұлғаның) осындай эмитент-заңды тұлғаның немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлғаның активтері құнындағы немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциумға қатысушылардың активтері жалпы құнындағы мүлкi осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан аспауы талаптары орындалған кезде қолданылады. 

Осы тармақшаның мақсатында тек қана жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды. 

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлғаның немесе консорциумның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады; 

8) осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кірістер; 

9) Қазақстан Республикасындағы аз қамтылған азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жүргізілетін төлемдер; 

10) осы Кодекстiң 291-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасындағы қызметтi жүзеге асыратын жерге бару және кері қайту жолында әуе көлiгiмен ұшуға арналған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс жүзінде жүргізген: 

осындай дербес білім беру ұйымының жұмыскері; 

осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметті жүзеге асыратын; 

осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін бейрезидент-заңды тұлғаның жұмыскері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызметтерді көрсететін жұмыскер болып табылатын бейрезидент-жеке тұлға алған материалдық пайда; 

11) 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

12) 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

13) тармақша 01.01.2020 бастап 01.01.27 дейін қолданыста болады – ҚР 10.12.2020 № 382-VI Заңымен.

13) осындай кредиттерге 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы. 

Ескерту. 654-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...652 653 654 655 656 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться