Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 679 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.07.2024

ҚР Салық кодексi
679-бап. Арнаулы салық режимiн таңдау және оны қолдануды тоқтату тәртібі

1. Осы бөлімнің осындай әрбір режимі үшін белгіленген, оны қолдану шарттарына сәйкес болған кезде, арнаулы салық режимін таңдауды: 

1) жеке тұлғалар – жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін осы Кодекстің 79-бабына сәйкес жіберілетін хабарламада; 

2) жаңадан құрылған заңды тұлғалар – тіркеуші органда мемлекеттік тіркеуден кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына ұсынылатын, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада; 

3) мыналарға: 

салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібінен патент негізінде арнаулы салық режиміне ауысқан кезде – патент құнын есептеуде; 

басқа да арнаулы салық режимдеріне ауысқан кезде – уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада жүзеге асырылады. 

Егер жаңадан құрылған салық төлеушi осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған тәртiппен арнаулы салық режимiн таңдап алмаған жағдайда осындай салық төлеушi қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама бергенге дейiн салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртiбiн таңдап алды деп танылады. 

2. Жаңадан құрылғанын қоспағанда, салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану шарттарына сәйкес келген кезде: 

1) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiнен – патент негiзiнде; 

1-1) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен, патент негізінде, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерінен – арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын; 

2) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен, патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерінен – оңайлатылған декларация негізінде; 

3) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен, шағын бизнес субъектiлерi үшiн басқа да арнаулы салық режимдерiнен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимдерiнен – тіркелген шегерім пайдаланылатын; 

4) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбінен немесе өзге де арнаулы салық режимiнен – ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшiн; 

5) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбінен немесе өзге де арнаулы салық режимiнен – шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн; 

6) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен немесе өзге де арнаулы салық режимінен бөлшек салықтың арнаулы салық режимiне ауысуға құқылы. 

Осы Кодекстің 703-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда шаруа немесе фермер қожалықтары қолданылатын барлық салық салу режимі туралы хабарламада қолданылатын барлық салық режимдерін көрсетеді. 

3. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін таңдалған арнаулы салық режимi, осындай салық салу режимi үшін осы бөлімде белгiленген арнаулы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес келмеу жағдайларының туындауын қоспағанда, күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертілуге жатпайды. 

4. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiнен салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбіне көшкен (ауысқан) кезде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiне кейіннен көшу жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолданудың күнтiзбелiк бiр жылынан кейін мүмкiн болады. 

5. Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн талаптар туындаған жағдайларда салық төлеушi жалпыға бiрдей белгiленген салық салу тәртібіне немесе өзге де арнаулы салық режимiне көшу үшiн осындай жағдайлар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама беруге мiндеттi. 

6. Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны салық төлеушілер тұрған жеріндегі салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады. 

7. Салық органы тиісті арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы бөлiмде белгiленген шарттарға салық төлеушiлердің сәйкес келмеуi фактiсін анықтаған кезде салық төлеушiлердi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырады. 

Камералдық бақылау барысында осындай фактілер анықталған жағдайда салық органдары жалпыға бiрдей белгiленген тәртіпке ауыстырғанға дейін салық төлеушiге осы Кодекстiң 114 және 115-баптарында белгiленген мерзімде және тәртіппен осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама жолдайды. 

8. Таңдалған арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні:  

1) дара кәсіпкер ретінде қызметiн бастағаны туралы хабарламада таңдалған арнаулы салық режимiн көрсеткен жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлер үшін – салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою күні; 

2) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны осы бапта белгіленген мерзімде ұсынған жаңадан құрылған заңды тұлғалар үшін – тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу күні; 

2-1) арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режиміне өтуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін таңдау күні; 

3) басқа жағдайларда – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынылған айдан кейінгі айдың 1-күні болып табылады. 

8-1. 01.01.2023 бастап 01.05.2023 дейін қолданыста болды – ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес арнаулы салық режимiне көшкен кезде арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртiбін қолдану – салық салудың қолданылатын режимі туралы тиiстi хабарлама берiлген айдың соңғы күнiнен бастап тоқтатылады. 

10. Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде салық төлеушіні арнаулы салық режимінен салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібіне көшіру (ауыстыру) кезінде салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібін қолданудың басталу күні осындай жағдайлар туындаған айдың 1-күні болып табылады. 

Ескерту. 679-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

77-тарау. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІ ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-параграф. Жалпы ережелер

680-бап.Жалпы ережелер 

1. Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін: 

1) патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде төлем көзiнен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, жеке табыс салығын;  

1-1) арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданған кезде – жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда), әлеуметтік төлемдерді; 

2) оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде төлем көзiнен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты, корпоративтiк немесе жеке табыс салығын; 

3) арнаулы салық режимiн тіркелген шегерімді пайдалана отырып қолданған кезде төлем көзiнен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, жеке немесе корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген, салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептiлiкті есептеу, төлеу және табыс ету жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 

2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеуші төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден жеке табыс салығы бойынша осы салықты есептеу, ұстап қалу және оны аудару бойынша салық агентінің міндеттемелерін осы Кодекстің 38-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды. 

Патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден жеке табыс салығы бойынша салықтық есептілікті осы Кодекстің 38-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады. 

Ескерту. 680-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...677 678 679 680 681 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Здравствуйте! Операторы кредит + каждый день психологический давят, звонят моему начальству говоря, якобы с финансовой полиции, что я должна оплатить долг дочери. Как мне поступить?


Добрый день. По состоянию здоровья не могу оплатить микрокредит. Но платить не отказываюсь. Жду официального графика. Каждый день пугают операторы этой организации по статье 272ГК РК и 718ГК РК. А так же разглошают мою личную информацию тем или иным контактным или не окнтактным лицам. Подскажите что сдеать.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться