Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 683 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
683-бап. Арнаулы салық режимiн қолданудың шарттары

1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн шағын бизнес субъектiлерiне арналған арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары шағын бизнес субъектiлерi деп танылады. 

2. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сәйкес келетін: 

1) арнаулы салық режимi үшiн салықтық кезеңдегі жұмыскерлердiң орташа тізімдік саны: 

оңайлатылған декларация негізінде – 30 адамнан; 

тіркелген шегерімді пайдаланумен – 50 адамнан аспайтын; 

2) арнаулы салық режимі үшін салықтық кезеңдегі кірісі: 

патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3 528 еселенген мөлшерінен; 

оңайлатылған декларация негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен; 

тіркелген шегерімді пайдаланумен – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 144 184 еселенген мөлшерінен аспайтын. 

Бұл ретте осы тармақшаның бірінші бөлігінің үшінші абзацында көрсетілген кіріске дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 70 048 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алған кірістері қосылмайды.  

3) мынадай қызмет түрлерін: 

акцизделетін тауарларды өндiруді; 

акцизделетін тауарларды сақтауды және көтерме саудада өткiзуді; 

мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуді; 

лотереялар өткізуді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақшасы алтыншы абзацының қолданысы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданыста болады – ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

жер қойнауын пайдалануды (кен іздеушілікке арналған лицензия негізінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті қоспағанда); 

түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткiзуді; 

консультациялық және (немесе) маркетингтік көрсетілетін қызметтерді; 

бухгалтерлік есепке алу немесе аудит саласындағы қызметті; 

сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін; 

құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;  

сауда базарын жалға алуды және пайдалануды; 

цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған І кіші түр лицензиясы бойынша цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы. 

Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарларына, 1, 2 және 3-санаттағы стационарлық сауда объектілеріне жататын сауда объектілерін, сондай-ақ олардың аумағындағы сауда орындарын, сауда объектілерін және қоғамдық тамақтану объектілерін қосалқы жалға беруді; 

екі және одан көп салық төлеушілердің бір қонақүйдің немесе қонақүй қызметтері көрсетілетін жеке тұрған тұрғын емес ғимараттың аумағында осындай қызметтерді көрсету саласындағы қызметін; 

қаржы лизингі шеңберіндегі қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы. 

3. Агенттiк шарттар (келiсiмдер) негiзiнде қызмет көрсететiн дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы емес. 

Осы тармақтың мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ екінші тараптың есебінен не екінші тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттенеді. 

4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдануға: 

1) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар; 

2) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері; 

3) әртүрлi елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектiлерi бар салық төлеушiлер құқылы емес. 

Арнаулы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі деп оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, тұрған жерінде стационарлық жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол стационарлық болып есептеледі. 

Осы тармақшаның ережесі қызметін тек қана мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды; 

4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар; 

5) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін немесе салық салу ерекшеліктерін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар; 

6) коммерциялық емес ұйымдар; 

7) ойын бизнесi салығын төлеушiлер құқылы емес. 

5. Осы баптың мақсаттары үшін дара кәсіпкердің шекті кірісі: 

1) осы Кодекстің 681-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен; 

2) дара кәсіпкердің негізгі құралдары болып табылатын мүлікті өткізумен және жарғылық капиталға берумен байланысты туындайтын, осы Кодекстің 330-бабында көрсетілген құн өсімі түріндегі кірістерден; 

3) осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалатын кірістен тұрады. 

6. Осы баптың мақсаттары үшін заңды тұлғаның шекті кірісі: 

1) осы Кодекстің 681-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен; 

2) осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, осы Кодекстiң 7-бөліміне сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кірістен тұрады. 

7. Осы бапқа сәйкес шағын бизнес субъектісі болып табылатын дара кәсіпкер шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданған кезде салықтық есепке алуды осы бөлімде көзделген оңайлатылған тәртіппен жүргізуге құқылы. 

Ескерту. 683-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 196-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...681 682 683 684 685 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться