Ст. 695 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
695-бап. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі бойынша салықтарды есептеу
Таза кіріске салынатын корпоративтік табыс салығын және төлем көзiнен ұстап қалатын корпоративтік табыс салығын қоспағанда, тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану кезінде төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы салықтық кезең үшiн мынадай тәртiппен есептеледi: осы Кодекстiң 313-бабының 1 немесе 2-тармақтарында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстің 690 және 691-баптарында көзделген кірістер мен осы Кодекстiң 692 және 693-баптарында көзделген шығыстар арасындағы айырма түрінде айқындалған, осы Кодекстiң 694-бабына сәйкес азайтылған салық салынатын кірістің көбейтіндісі,
алу
осы Кодекстiң 303-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы,
алу
осы Кодекстiң 302-бабының 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын ұтыс түріндегі кірістен төлем көзiнен салық кезеңінде ұстап қалған корпоративтік табыс салығының сомасы,
алу
сыйақы, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзiнен ұстап қалған корпоративтiк табыс салығының осы Кодекстің 302-бабының 3-тармағына сәйкес өткен салықтық кезеңдерден ауыстырылған сомасы,
алу
салықтық кезеңде сыйақы, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзiнен ұстап қалған корпоративтік табыс салығының осы Кодекстiң 302-бабының 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын сомасы.
2. Төлем көзiнен ұстап қалатын жеке табыс салығын қоспағанда, тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану кезінде төленуге жататын жеке табыс салығы салықтық кезең үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:
осы Кодекстiң 320-бабының 1-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстің 690 және 691-баптарында көзделген кірістер мен осы Кодекстiң 692 және 693-баптарында көзделген шығыстар арасындағы айырма түрінде айқындалған, осы Кодекстiң 694-бабына сәйкес азайтылған салық салынатын кірістің көбейтіндісі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей