Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 739 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

ҚР Салық кодексi
739-бап. Салық салу объектісі

1. Жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде өндірген көмірсутектердің нақты көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі болып табылады. 

2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде өндірген көмірсутектердің жалпы көлемі: 

1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін өткізілген мұнай – жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізген мұнайдың көлемі; 

2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берілген мұнай – жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген мұнайдың көлемі; 

3) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған мұнай – жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезең үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген, салықтық кезең ішінде өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған мұнайдың көлемі; 

4) осы Кодекстің 88-тарауына сәйкес мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда берген мұнай; 

5) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланылған шикі газ болып бөлінеді. 

Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаттарында өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланылған шикі газ деп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарға сәйкес осы келісімшарт шеңберінде: 

жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде көмірсутектер дайындауда отын ретінде; 

технологиялық және коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтар үшін; 

ұңғыма сағасында мұнайды қыздыру үшін және бекітілген жобалау құжаттарына сәйкес мұнайды өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне ауыстырып тиеу орнына дейін тасымалдау кезінде; 

жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын электр энергиясын өндіру үшін; 

осы баптың 5-тармағында көзделген жер қойнауына кері айдау жағдайларын қоспағанда, бекітілген жобалау құжаттарында көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін; 

көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен жобалау құжаттарында көзделген көлемде өндіруші мұнай ұңғымаларын пайдаланудың газлифтілік (механикаландырылған) тәсілі мақсатында пайдаланылған шикі табиғи газ танылады. 

Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және осы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт шеңберінде мұнай-газ аймақтарында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында бекітілген жобалау құжаттарында көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін пайдаланылған шикі газ да өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланылған шикі газ деп танылады; 

6) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген сұйытылған мұнай газына сәйкес келетін көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газ болып бөлінеді. Бұл ретте сұйытылған мұнай газының мұндай көлемін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітеді және Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу үшін міндетті болып табылады; 

7) жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған шикі газ; 

8) тауарлы көмірсутектер – егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1) – 7) тармақшаларында көрсетiлген мұнай, шикi газ және ілеспе газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген көмірсутектердің жалпы көлемi болып бөлiнедi. 

3. Осы баптың 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланылған шикі газдың және (немесе) сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың көлемі деп көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарда көрсетілген көлемдер шегінде осындай пайдаланылған табиғи және (немесе) ілеспе газдың нақты көлемі танылады. 

4. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізуді және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде беруді не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізуді растау үшін жер қойнауын пайдаланушыда мұнайдың нақты көлемін және тиісті көлемін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының қабылдау фактісін растайтын коммерциялық және тауарға ілеспе құжаттары түпнұсқаларының немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелерінің, ал осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізуді растау үшін – тиісті көлемі үшін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының нақты сатып алу бағасын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелерінің болуы міндетті. 

Мұндай құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелері болмаған жағдайда мұнайдың тиісті көлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы көмірсутектер ретінде қаралады. 

5. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бекітілген жобалау құжаттарында көзделген мұнай алу коэффициентін ұлғайту мақсатында жер қойнауына кері айдалатын көлемдегі шикі газ бойынша төленбейді.
Статья 1 ...737 738 739 740 741 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться