Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 748 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.09.2024

ҚР Салық кодексi
748-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері

1. Кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген кең таралған пайдалы қазба мен емдік балшық көлемінің бірлігі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды: 
Р/с
№ 
Пайдалы қазбалардың атауы 
Мөлшерлемелер,
АЕК-пен 



1. 
Метаморфалық жыныстар, оның ішінде мәрмәр, кварцит, кварцтық-далалық шпат жыныстары 
0,02 
2. 
Магмалық тау жыныстары, оның ішінде гранит, сиенит, диорит, габбро, риолит (липарит), андезит, диабаз, базальт, вулкандық туфтар, шлактар, пемзалар, вулкандық шынылар және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан) 
0,02 
3. 
Шөгінді тау жыныстары, оның ішінде жұмыртастар мен қиыршық тас, қиыршық тасты-құмды (құмды-қиыршық тасты) қоспа, құм және құмтастар, саз және сазды жыныстар (саздақ топырақ, алевролиттер, аргиллиттер, сазды тақта тастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде қабықшалар, борлы жыныстар, доломиттер, әктас-доломитті жыныстар, кремнийлі жыныстар (трепел, опока, диатомит), табиғи пигменттер, шымтезек 
0,015 
4. 
Емдік балшықтар 
0,02 
 

2. Жерасты суларына арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген жерасты суының 1 текше метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды: 
Р/с
№ 
Пайдалы қазбалардың атауы 
Мөлшерлемелер, АЕК-пен 



1. 
Осы кестенің 2 – 5-жолдарында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген жерасты суы 
0,003 
2. 
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында реттелетін қызметті жүзеге асыру және (немесе) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында реттелетін қызметті жүзеге асыру үшін табиғи монополия субъектісіне кейіннен өткізу үшін жер қойнауын пайдаланушы өндірген жерасты суы 
0,001 
3. 
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол алкоголь өнімін, алкогольсіз сусындарды және (немесе) тамақ өнімін (ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және (немесе) оны қайта өңдеуді қоспағанда) өндіру үшін пайдаланған минералды жерасты суы, шаруашылық-ауызсуға арналған жерасты суы 
0,250 
4. 
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында реттелетін қызметті жүзеге асыру және (немесе) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында реттелетін қызметті жүзеге асыру үшін табиғи монополия субъектісіне кейіннен өткізу кезінде шаруашылық-ауызсуға арналған жерасты суының нақты ысыраптары 
0,005 
5. 
Осы кестенің 4-жолында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды жерасты суының, шаруашылық-ауызсуға арналған жерасты судың нақты ысыраптары 
1,000 
 


3. Өндірілген жерасты суын бөлек есепке алу болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында белгіленген жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелерін қолдану мақсатында мөлшерлеменің ең көп мөлшері қолданылады. 

Ескерту. 748-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...746 747 748 749 750 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.

Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192



Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?


здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.


Добрый день!

Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться