Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 75 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
75-бап. Жеке, заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына енгізу

1. Егер осы Кодекстің 76-бабының 12-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде жеке, заңды тұлғаларға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне сәйкестендіру нөмірі берілгеннен кейін жүзеге асырады.  

2. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына:  

1) жеке тұлға, оның ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам туралы мәліметтерді – тұрғылықты немесе болатын жері бойынша;  

2) резидент-заңды тұлға және оның құрылымдық бөлімшесі, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға туралы мәліметтерді – орналасқан жері бойынша;  

3) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға мәліметтерді – тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша;  

4) осы Кодекстiң 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алатын (өткізетін) бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді – осы Кодекстiң 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша енгізуді жүзеге асырады. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент-заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, қолданылмайды. 

Егер осындай бейрезидент-заңды тұлға бағалы қағаздарды, активтер құнының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екі және одан да көп тұлғалардың мүлкі құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлесін сатып алған (өткізген) жағдайда, онда салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына бейрезидент туралы мәліметтерді енгізуді уәкілетті органның орналасқан жеріндегі салық органы жүзеге асырады;  

5) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында, 654-бабының 7) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді – бағалы қағаздары немесе қатысу үлестері сатып алынатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша; 

6) осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін) бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді – мүліктің орналасқан жері бойынша енгізуді жүзеге асырады. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, қолданылмайды; 

7) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгі туралы мәліметтерді – дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiктің орналасқан жері бойынша;  

8) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді – тәуелді агенттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жері бойынша; 

9) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді – сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің орналасқан жері бойынша; 

10) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді – бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы-резиденттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жері бойынша; 

11) резидент-екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді – осындай резидент-банктің орналасқан жері бойынша енгізуді жүзеге асырады.  

3. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына мәліметтерді енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 

Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтерді енгізуді оның орналасқан жеріндегі салық органы уәкілетті органнан бейрезиденттің осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін сатып алғаны туралы мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 

Ескерту. 75-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...73 74 75 75‑1 76 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться