Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 84 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 15.09.2023

ҚР Салық кодексi
84-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк

1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады, мерзімсіз болып табылады және салық органының лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады. Куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді. 

2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк мынадай міндетті деректемелерді:  

1) салық төлеушiнің атауын және (немесе) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);  

2) сәйкестендіру нөмірін;  

3) салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнін;  

4) куәлікті жасаған салық органының атауын қамтиды. 

3. Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк жарамсыз деп есептеледі. 

4. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыруды қосылған құн салығын төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы өзгерген жағдайда – салық төлеуші тегінің, атының, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауының өзгергені туралы сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде үш жұмыс күні ішінде жүргізеді. 

Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...82 83 84 85 88 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, учитывается ли обучение в средних специальных учебных заведениях(колледже), в трудовой книжке(стаже работы)?  


Мой муж умышленно разбил все окна, просто превратил в металлолом машину моего брата. Как наказывают таких придурков?



Здравствуйте я купил скутер в каталоге было комплекты но когда пришла сам скутер комплект не было и еще она не заводится 3,000км гарантия есть но я уже не хочу этот имущества что делать?


Здравствуйте!

Подскажите пожалуйста, если работник написал заявление о переводе в другое подразделение (там есть вакансия, и руководитель того подразделения согласен), имеет ли право первый руководитель не принимать заявление? То есть перевод не по желанию работодателя, а по желанию работника.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться