Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 20 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
20-бап. Банктің және банк холдингінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

1. Банктің басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары және атқарушы органының мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге де басшылары, бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары банктің басшы қызметкерлері деп танылады. 

Банктің оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшылары және олардың бас бухгалтерлері, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар және бір ғана құрылымдық бөлімшенің қызметін бақылауды жүзеге асыратын адамдар банктің басшы қызметкерлері болып табылмайды. 

1-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалы құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге де басшылары, бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері болып танылады. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс. 

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамның, басқа қаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында басшы қызметкердің лауазымын атқаруға құқылы емес. 

2. Банк қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне банктің қаржы жылы ішінде банктің барлық басшы қызметкерлеріне төлеген кірістері туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті. 

Банктің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыны, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есебіне жазу бойынша банктің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады. 

3. Мыналар: 

1) жоғары білімі жоқ; 

2) мынадай:  

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында; 

және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында; 

және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласында;  

және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша;  

және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ; 

2-1) осы бапта белгіленген талаптарға сай келмейтін; 

3) мінсіз іскерлік беделі жоқ; 

4) бұрын уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы не банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары немесе атқарушы органының мүшесі, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, ірі қатысушы-жеке тұлға, қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының ірі қатысушы (банк холдингі)-заңды тұлғасының басшысы болып табылған адам банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (олар тағайындала (сайлана) алмайды). 

Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдары санатына жатқызу не банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады. 

Осы тармақшаның талабы көрсетілген банктердің акцияларын осы Заңның 17-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг иеленгенге дейін тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі, өздеріне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүзеге асырылған банктердің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды; 

5) қадағалап ден қою шарасын қолдану арқылы осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, банк, сақтандыру холдингінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің осы және (немесе) өзге филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарып алынған және (немесе) қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілген адам банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды). Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы немесе қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады. 

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындалған (сайланған) күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған адам да банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды); 

6) қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға – эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды). Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады. 

3-1. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты және (немесе) банктің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор лауазымына өзін келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл бойы сондай болған адам болып табылатын адам банктің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды). 

4. Банктің ірі қатысушысы банктің атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды. 

Атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс. 

5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сай келу үшін: 

1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, атқарушы органның басшысы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл; 

2) банктің басқару органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін – кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл; 

3) банктің атқарушы органының мүшелері, банктің атқарушы органы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы басшысының орынбасары лауазымына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;  

4) басқару органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде бір жыл; 

5) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл;  

6) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бас бухгалтерінің орынбасары лауазымына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл;  

7) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет. 

Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктер және осындай сертификаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

Банктің тек қана қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне жетекшілік ететін атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді. 

Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ақпараттық технологияларды дамытуға байланысты жұмыс, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамындағы және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы жұмыс кірмейді. 

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының мүшесі осы банктің тәуелсіз директоры лауазымын қатарынан он жылдан аса атқаруға құқылы емес. 

5-1. Осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп: 

1) қаржы ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы басшы қызметкерінің; 

2) қызметі қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты, қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының;  

3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында және (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласындағы реттеу және мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысының және оның орынбасарының, дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының немесе басшысы орынбасарының; 

4) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік ететін өзге басшысының лауазымы түсініледі. 

6. Банктің басшы қызметкері лауазымына кандидат тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы емес. 

Банктің басқару органының мүшесі өзі сайланған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы. 

Банк холдингі мәртебесін алған тұлғаның басшы қызметкерлері заңды тұлға банк холдингі мәртебесін алған кезде тұлға банк холдингі белгілеріне ие болған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы.  

Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және келісуге арналған құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, банк осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. 

Банктің атқарушы органының басшысы (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы), банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) бас бухгалтері басқа банктерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатындарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдарында атқарушы органның мүшесі (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы басшысының орынбасары), бас бухгалтер лауазымын атқаруға құқылы емес. 

Егер банктер бір-біріне қатысты бас және еншілес ұйым болып табылса, көрсетілген шектеу қолданылмайды.  

Банктің атқарушы органы басшысының міндеттерін атқару банктің атқарушы органының мүшесіне күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге жүктелетін жағдайларды қоспағанда, осы баптың талаптарына сай келмейтін және уәкілетті органмен келісілмеген адамдардың банктің басшы қызметкерінің міндеттерін атқаруына (уақытша болмаған кезде алмастыруына) тыйым салынады.  

Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.  

Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін уәкілетті орган осы басшы қызметкерлерге немесе басшы қызметкер лауазымына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде тоқтата тұрады. Осы мерзім уәжді пайымдау жобасы банкке немесе банктің басшы қызметкеріне немесе банктің басшы қызметкері лауазымына кандидатқа жіберілген кезден бастап уәкілетті орган уәжді пайымдауды қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады. 

Уәкілетті органмен келісілген, банктің басшы қызметкері лауазымына кандидат банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім алынған кезден бастап он екі ай ішінде келісілген лауазымға тағайындалуға (сайлануға) құқылы. 

Банктің уәкілетті органмен келісілген басшы қызметкері, осы тармақтың он үшінші бөлігінде көзделген жағдайды және уәкілетті органның осы баптың 11-тармағында көзделген негіздер бойынша банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуын қоспағанда, банктің басшы қызметкерінің өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органның келісімін алмай осы немесе өзге банктегі ұқсас басшы қызметкер лауазымына тағайындалуы мүмкін. 

Тәуелсіз директор лауазымына уәкілетті органмен келісілген банктің басқару органының мүшесі осы бапта және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органның келісімін алмай осы банктің ғана тәуелсіз директоры болып қайта сайлана алады. 

Егер көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін банк уәкілетті органға банктің осы басшы қызметкерінің тағайындалғаны (сайланғаны) туралы хабарламаны ұсынбаса, банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) бұрын берілген келісім жарамсыз деп есептеледі. 

7. Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. 

Банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады. 

8. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады: 

1) банктің басшы қызметкерлерінің және банктің басшы қызметкері лауазымдарына кандидаттардың осы бапта, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі; 

2) тестілеудің теріс нәтижесі.  

Мыналар тестілеудің теріс нәтижелері болып табылады: 

кандидатты тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптардың жетпіс пайызынан аз болуы; 

кандидаттың уәкілетті орган айқындаған тестілеу тәртібін бұзуы; 

келісілген мерзім өткенге дейін кандидаттың уәкілетті орган белгілеген уақытта тестілеуге келмеуі; 

3) банктің немесе банктің басшы қызметкері лауазымына кандидаттың уәкілетті орган ескертулерін уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоймауы немесе банктің, банк холдингінің немесе банктің басшы қызметкері лауазымына кандидаттың уәкілетті орган ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды осы баптың 6-тармағының сегізінші бөлігінде белгіленген, уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы; 

3-1) кандидатты банктің басшы қызметкері лауазымына сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің бұзылуы; 

4) басшы қызметкер уәкілетті органның келісімінсіз өз лауазымын атқарып отырған осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттарды ұсынуы; 

5) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

6) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген әрекеттер жасағаны туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы. 

Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған: 

уәкілетті орган кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп таныған; 

уәкілетті орган осындай әрекеттерді жасау салдарынан үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады; 

8) уәкілетті органда кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған әрекеттерді жасағаны үшін қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің болуы. 

Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған: 

уәкілетті орган кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп таныған; 

уәкілетті орган кандидаттың әрекеттері салдарынан қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады. 

Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер де жатады. 

9. Уәкілетті орган банктің басқару органының мүшесін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не оның өкілеттігі көрсетілген келісім берілгенге дейін тоқтатылған немесе осы баптың 6-тармағында көзделген мерзімде құжаттар келісу үшін уәкілетті органға ұсынылмаған жағдайда, осы адам осы банктің басқару органы мүшесінің лауазымына, тиісінше, өзін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден уәкілетті органның бас тартуын алғаннан, өзінің өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін. 

Банктің тиісті органы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банк уәкілетті органды басшы қызметкерлердің құрамында болған, оларды тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, барлық өзгерістер туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті. 

Банктің басшы қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, банк уәкілетті органды осындай ақпарат банкке белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді. 

"Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабына сәйкес уәкілетті органның уәжді пайымдауды қалыптастыруы мен пайдалануына негіз болатын жағдайлар, фактілер және (немесе) мән-жайлар болған кезде уәкілетті орган банкке банктің басшы қызметкеріне қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру туралы хабарлама жібереді. 

Өзіне қатысты уәжді пайымдау қалыптастырылатын адам уәкілетті орган "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде шешім қабылдағанға дейін өз міндеттеріне кірісуге құқылы емес. 

Осы баптың 6-тармағының сегізінші бөлігінде көзделген мерзім уәкілетті орган "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады. 

10. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда: 

1) осы адамды келісу жөніндегі құжаттар уәкілетті орган оны осы банкте тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін уәкілетті органға қайта ұсынылуы мүмкін; 

2) банктің басқару органының мүшесі уәкілетті орган оны осы банкте сайлауға келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін банктің басшы қызметкері болып сайлануы мүмкін. 

11. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді: 

1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы; 

2) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

3) уәкілетті органның осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолдануы; 

4) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болу; 

6) осы бапта белгіленген талаптардың сақталмау негіздері бойынша кері қайтарып алады. 

Банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында, банк, сақтандыру холдингтерінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады. 

Банк: 

1) уәкілетті орган банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған; 

2) банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басшы қызметкер лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) тәртібін бұзған жағдайларда, банктің басшы қызметкерімен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, банктің басшы қызметкерінің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. 

Уәкілетті орган банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған банктің директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігі банк және (немесе) банк холдингі осы бас тартуды алған кезден бастап тоқтатылады. 

12. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы мен мүшелері осы бапта белгіленген талаптарға сай болуға тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда, басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері лауазымдарға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Басқару органының басшысы мен мүшесі, атқарушы органның басшысы мен мүшесі осы баптың талаптарына сай келмеген жағдайда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның талабы бойынша оларды қызметтен шеттетеді. 

Уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басқару органының басшысына (мүшесіне), атқарушы органының басшысына (мүшесіне) осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шараларын қолданған жағдайда, осы ұйым аталған адаммен еңбек шартын бұзуға не оның өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қолдануға міндетті. 

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымы болып табылатын ұйымның атқарушы органының басшылары үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жұмыс өтіліне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардағы жұмыс өтілі де қосылады. 

Ұлттық пошта операторына қатысты осы тармақтың талаптары лауазымдық міндеттеріне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге байланысты мәселелерге жетекшілік ету кіретін атқарушы орган мүшелеріне қолданылады. 

14. Банк холдингінің басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары және атқарушы органының мүшелері, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, еншілес ұйымның (ұйымдардың) және (немесе) капиталына банк холдингі қомақты қатысатын ұйымның (ұйымдардың) қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшылары банк холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады. 

15. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, банк холдингтерінің басшы қызметкерлеріне мынадай талаптардың бірі орындалған кезде: 

банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған; 

уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде қолданылады. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісімен белгіленеді. 

Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 12.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться