Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 40 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
40-бап. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңiлдiкті жағдайлар беруге тыйым салу

1. Банктердің банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңiлдiкті жағдайлар беруіне тыйым салынады. 

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден аспайтын мөлшердегі қарыздарды, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары болып табылатын тұлғаларға берілетін қарыздарды қоспағанда, банктердің банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қамтамасыз етілмеген қарыздарды (бланктік қарыздарды) беруіне тыйым салынады. 

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден аспайтын мөлшерде берілетін банктік қарыздарды және осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген, қаржыландыруды қоспағанда, банктердің осы банктердің директорлар кеңесінің мүшелеріне және ірі қатысушыларына қарыздар беруіне тыйым салынады.  

2. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жеңiлдiкті жағдайлар беру мәні, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша банк өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғамен жасамайтын мәмілені банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесінде жасауды білдіреді, атап айтқанда: 

1) банк операциясын орындағаны үшін үшінші тұлғаларға ұсынылатын шарттарға қарағанда төмен сыйақы және төлем алу; 

2) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан банк тартқан депозиттер мен өзге де қаражат бойынша үшінші тұлғаларға ұсынылатын шарттарға қарағанда жоғары сыйақы төлеу; 

3) кепілдерді, кепілдіктерді, кепілгерліктерді немесе міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің өзге де тәсілдерін үшінші тұлғалармен жасалатын ұқсас операциялар бойынша талап етiлетiннен төмен мөлшерде қабылдау; 

4) сыйақы алу, негізгі борышты және (немесе) банк операциялары үшін өзге де төлемдерді өтеу бойынша үшінші тұлғалармен жасалатын ұқсас операцияларға қарағанда мерзімін көбірек етіп кейінге қалдыруды ұсыну;  

5) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға сатып алынатын мүлікке және (немесе) көрсетілетін қызметтерге құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын мәміле немесе мәмілелер жиынтығы бойынша үшінші тұлғаларға осыған ұқсас сатып алынатын мүлік және (немесе) көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге қарағанда жоғары бағамен ақы төлеу; 

6) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға мүлікті осыған осыған ұқсас мүлікті үшінші тұлғаларға сатқаннан төмен немесе нарықтық құнынан төмен құн бойынша сату; 

7) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға бағалы қағаздарды осыған ұқсас бағалы қағаздарды үшінші тұлғаларға сатқаннан төмен немесе нарықтық құнынан төмен құны бойынша сату;  

8) уәжді пайымдауды пайдалану жолымен бұрын уәкілетті орган жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызған мәмілелерді жасау. 

Мәмілелерді жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызудың қосымша өлшемшарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

3. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп мыналар танылады: 

1) осы банктің лауазымды адамы немесе басшы қызметкері, өкілеттіктеріне активтерді иеліктен шығару, кепіл нысанасын өзгерту және кепілді тоқтату (борышкердің банк алдында кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерін өтеу немесе банктің кепілді өндіріп алу жағдайларын қоспағанда) туралы шешімдер, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленгеннен жоғары мөлшерлерде банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беру туралы шешімдер қабылдау кіретін директорлар кеңесі комитеттерінің және тиісті органының басшылары және тұрақты мүшелері, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) және жақын туыстары;  

2) осы банктің iрi қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не банктің iрi қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;  

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акцияларды қоспағанда) немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін не лауазымды адамдары болып табылатын заңды тұлға; 

4) банктің үлестес тұлғалары; 

5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланыстылық белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға.  

Уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалану жолымен жеке немесе заңды тұлғаны банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жатқызуға құқылы. Бұл жағдайда банк уәкілетті органның қадағалап ден қоюдың тиісті шарасын алған күннен бастап банк осы жеке немесе заңды тұлғаны онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп таниды.  

Тәуелсіз директор, банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ банктің тәуелсіз директор болып табылатын лауазымды адамы басқару органдарында тәуелсіз директор болып табылатын заңды тұлғалар, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым және акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын сауда-саттықты ұйымдастырушы, егер банктің лауазымды адамы осы ұйымдарда лауазымды адам болып табылған жағдайда, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де тұлғалар осы баптың мақсаттары үшін банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылмайды. 

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды тану мақсаттары үшін: 

осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында банк деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі түсініледі; 

осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында банк деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі түсініледі; 

осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында банк деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы түсініледі. 

4. Банк қандай да бір тұлғамен құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын және: 

банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға алдындағы міндеттемелерге ақы төлеуге; 

банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алуға; 

банктің меншігіндегі бағалы қағаздарды қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға эмиссиялаған бағалы қағаздарды сатып алуға алып келетін мәмілені жасаса алмайды. 

5. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле, банктің директорлар кеңесі осындай мәмілелердің үлгілік шарттарын бекіткен және үшінші тұлғалармен жасалған ұқсас мәмілелерге қолданылатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, банктің директорлар кеңесінің шешімімен ғана жасалуы мүмкін. 

Банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдарын қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға (тұлғаларда) берiлген (орналастырылған) активтерге қатысты талап ету құқықтарынан бас тарту акционерлердiң жалпы жиналысын кейiннен хабардар ете отырып жүзеге асырылады.  

Осы баптың 3-тармағында аталған тұлға банк пен:  

оның өзі; 

кез келген жақын туысы немесе өзінің жұбайы (зайыбы); 

өзі немесе жақын туыстарының бірі, жұбайы (зайыбы) лауазымды адамы (тәуелсіз директорды қоспағанда) немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша шешімдерді қарауға және қабылдауға қатыспауға тиіс.  

Банк және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі директорлар кеңесі оның барлық шарттарын қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.  

Осы тармақтың және осы баптың 1-тармағының талаптарын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолдану мақсаттары үшін банктің директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы түсініледі. 

6. Банк банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар туралы, сондай-ақ осы тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруге міндетті. 

7. Осы баптың талаптары банк холдингтеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады. 

Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

8. Осы баптың 1, 2 және 4-тармақтарының талаптары осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттарда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйым бас банкпен немесе банк конгломератының құрамына кіретін еншілес ұйыммен жасайтын мәмілелерге қолданылмайды. 

Осы баптың 4-тармағының талаптары банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттарда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымынан және (немесе) еншілес банктің еншілес ұйымынан мүлікті сатып алуға алып келетін, банктің үшінші тұлғалармен жасаған мәмілелеріне де қолданылмайды. 

9. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірі орындалған кезде: 

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингінің белгілері бар тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-тұлғаларының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болса; 

уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болса, банк холдингі, банк холдингінің белгілері бар тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданылмайды. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...38 39 40 40‑1 40‑2 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться