Ст. 5-1 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
5-1-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның жалғыз акционері болып табылады.
2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым іске асырылуы кезінде залалдар туындауы ықтимал мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға:
1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығаруға;
2) меншікті орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алуға;
3) банктердің және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардың активтерін, талап ету құқықтарын сатып алу туралы шешім қабылдау мақсатында олардың сапасына бағалау жүргізуге;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен және банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, өзге де талап ету құқықтары мен активтерді сатып алуға, оларды басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, оларды иеленуге және (немесе) өткізуге құқылы.
Құқықтар (талап ету) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға өткен жағдайда, мұндай өтуге қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдің және өзге де тұлғалардың келісуі талап етілмейді;
5) банктер шығарған және (немесе) банктер, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалар орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың сапасына бағалау жүргізуге;
6) заңды тұлғалардың, оның ішінде өздеріне қатысты талап ету құқықтары банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алуға, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге және (немесе) оларды өткізуге;
7) банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алуға, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге және (немесе) оларды өткізуге;
8) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беруге немесе осындай мүлікті уақытша өтеулі пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға, оны сенімгерлік басқаруға беруге;
9) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған талап ету құқықтарын және басқа да активтерді секьюритилендіру бойынша операциялар жүргізуге;
10) дербес, сондай-ақ банктермен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйымды құруға (иеленуге);
11) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоса алғанда, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан талап ету құқықтары мен активтерді сатып алуға, күтіп-ұстауға, сақталуын қамтамасыз етуге, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге және (немесе) оларды өткізуге құқылы.
Егер осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген мәмілелердің нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтерінің мөлшерінен он пайыз және одан да көп сомаға мүлік алған жағдайда, осындай мәміле жасасу туралы шешімді осы ұйымның акционері қабылдайды.
Егер осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген мәмілелердің нәтижесінде кредитордың құқықтары (талаптары) ауысуы болған жағдайда қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдік етушінің және өзге де тұлғалардың келісімі мұндай ауысуға талап етілмейді. Бұл ретте жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін аса маңызы жоқ деп танылады;
12) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарттарының талаптарымен екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне және осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастыруға;
13) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктерді және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
14) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға байланысты мәселелер бойынша ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін иеленуге;
15) Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген және бекіткен арнайы бағдарламалардың іске асырылуын жүзеге асыруға;
15-1) активтер, оның ішінде құқықтар (талаптар) бойынша берешекті қайта құрылымдауды жүргізуге, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), өзге де берешекті толық немесе ішінара есептен шығаруға және (немесе) олардың күшін жоюға, активтерді басқаруға және оларды өткізуге, көрсетілген әрекеттер салдарынан туындайтын ықтимал зиянды мойындауға;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның осы тармақта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптар жалғыз акционердің нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктік қарыз шарттары бойынша өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша банктік қарыз операциясы жөніндегі кредитор (қарыз беруші) деп танылады және ол банктік қарыз шартында белгіленген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімін қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асырған банктік қарыздар бойынша өндіріп алу және талап ету құқықтарын басқаға беру үшін коллекторлық агенттіктерді тартуға, сондай-ақ осы Заңның 36-бабының 2-тармағына сәйкес төлем талабын ұсыну арқылы қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаға даусыз тәртіппен өндіріп алуды қолдануға құқылы.
3. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға бюджеттен нысаналы аударымдар алуға құқығы бар.
Ескерту. Заң 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (11.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей