Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 50 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
50-бап. Банк құпиясы

1. Банк құпиясына банктің клиенттерi мен корреспонденттерi, олардың операциялары мен көрсетілетін банктік қызметтерді алуға байланысты банктермен өзара қарым-қатынастары туралы мәліметтер, оның ішінде шектеусіз: банктік шоттардың бар екендігі, олардың иелерi мен нөмiрлерi және банктердің корреспонденттері, осы шоттардағы және банктің өз шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы, аударылған шоттардағы шектеулер (мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру, тыйым салу, кепілдер туралы шешімдері және (немесе) өкімдері), клиенттер мен корреспонденттердің және банктің өз операциялары (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын қоспағанда), сондай-ақ банктің сейф жәшiктерiнде, шкафтарымен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлкiнiң болуы, иелерi, сипаты мен құны туралы ақпарат, клиенттердің кредит алу (осы бапта айқындалған жағдайлардан басқа), төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша, оның ішінде банктік шотты ашпай орындалатын операцияларды жүргізу туралы ақпарат кiредi.

Тарату процесінде тұрған банк берген кредиттер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.

2. Банктер өз депозиторларының, банктердің клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен шоттары жөніндегі құпияға, сондай-ақ банктердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына және осы бапқа сәйкес банк құпиясын құрайтын өзге де мәліметтерге кепiлдiк бередi.

3. Осы баптың 4 – 8, 8-1-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерінің қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруына орай банк құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетімділік алған банктердің, Қазақстан Республикасы резиденттерінің-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 8), 8-1) және 8-2) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, жұмыскерлерi және өзге де тұлғалар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.

4. Банк құпиясы клиентке ғана, шот (мүлік) иесінің жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не шот иесінің сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыздар, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операциялар, вексельдерді есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5, 6, 6-1, 7, 7-1, 7-2, 8 және 8-1-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шектерде ашылуы мүмкін.

Мыналар:

1) банктердің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға, бейрезидентті қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне банк шоттарының ашылғаны туралы тек салықтық әкімшілендіру мақсатында мемлекеттік кіріс органдарын міндетті түрде хабардар етуі;

1-1) банктердiң қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беруі;

1-2) төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу кезінде банктер тікелей жүзеге асыратын, төлемдерді бюджетке төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге байланысты осы төлемдер мен ақша аударымдары туралы "электрондық үкімет" төлем шлюзінің операторына, мемлекеттік органдарға және соттарға "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы мәліметтер мен ақпарат беруі, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асыратын, қайтарылған төлемдер мен ақша аударымдары туралы мәліметтер беруі;

1-3) банктердің мемлекеттік кіріс органына коллекторлық агенттіктермен жасалған басқаға беру шарттары бойынша мәліметтерді тек қана салықтық әкімшілендіру мақсатында салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша ұсынуы;

1-4) банктердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес бақылануға жататын экспорттық немесе импорттық операциялар бойынша ақпаратты және (немесе) құжаттарды беруі;

1-5) банктердің мемлекеттік кіріс органына салықтық тексеру және деңгейлес мониторинг жүргізу кезінде қажет болатын мәліметтер мен құжаттар ұсынуы;

1-6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, мемлекеттік кіріс органдарына валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат ұсыну;

1-7) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында ақпарат, оның ішінде банк құпиясын құрайтын мәліметтер алмасу;

1-8) мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салуы бойынша салық төлеушілер - дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға бойынша, төлем карточкаларын және мобильді төлемдерді пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары бойынша мәліметтер ұсыну;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-9) тармақшаның қолданысы тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін мынадай редакцияда қолданыста болады - ҚР 31.12.2021 № 100-VII Заңымен.
1-9) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар анықталған кезде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға мынадай жеке тұлғалар:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар;

активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндеттемелерді орындаған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері және олардың жұбайы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайы;

активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндеттемелерді орындаған адамдарды қоспағанда, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) мен олардың жұбайы (зайыбы), дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайы (зайыбы) бойынша мәліметтерді ұсыну банк құпиясын жария ету болып табылмайды.

Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;

2) ол бойынша құқықтар (талаптар) бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін банктік қарыз шарты (берілген кредит) бойынша, оның ішінде секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру шеңберінде мәліметтерді бағалы қағаздар эмитентіне және бағалы қағаздарды ұстаушылардың өкіліне ұсыну;

2-2) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау шарттарының біріне сәйкес келетін, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен операциялар туралы мәліметтерді уәкілетті органның ашуы;

3) жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдықтары және барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыруға байланысты енгізілген, банк және (немесе) уақытша әкімшілік солар бойынша есептеп шығарған сыйақы туралы, салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшін агент банктерге; шот иесінің жазбаша келісімі негізінде аудиторлық ұйымға мәліметтер табыс ету;

3-1) өз депозиторларының және кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызылған және (немесе) төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы-банктің, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мәліметтерді, сондай-ақ олардың міндеттемелері бойынша мәліметтерді, салымшы мен борышкер бір тұлға болған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін ұсынуы;

3-2) банктің, барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыруға байланысты енгізілген уақытша әкімшіліктің, банктің тарату комиссиясының депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға жеке тұлғалардың банктік шоттарындағы ақша қалдықтары және олар бойынша есепке жазылған сыйақы туралы мәліметтерді, сондай-ақ салымшы мен борышкер бір тұлға болған жағдайда – олардың міндеттемелері бойынша мәліметтерді ұсынуы;

4) басқа банктерге осы Заңның 61-2, 61-4, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияларды жүргізу үшін қажет мәліметтерді ұсыну;

4-1) банктердің электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің және электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша – сұрау салуда көрсетілген тұлғаға банк шотының тиесілілігі және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету кезінде жылжымалы мүліктің кепіл шартының бар-жоғы туралы мәліметтерді электрондық нысанда беруі;

4-2) банктердің электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің және электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалар төлемдерді жүзеге асырған кезде ақша сомасы, төлемнің жүзеге асырылған күні, ақшаны жөнелтуші және бенефициар туралы мәліметтерді электрондық нысанда беруі;

4-3) банктің мемлекеттік кірістер органдарына шет мемлекеттің резиденттері (салық төлеушілері) болып табылатын және (немесе) ірі қатысушылары шет мемлекеттің резиденттері (салық төлеушілері) болып табылатын банк депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнің банктік шоттарының бар-жоғы (ашылғаны), иелерi мен нөмiрлерi туралы, сондай-ақ осы шоттар мен банктің өз шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы, банк операциялары туралы мәліметтерді және мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген міндеттерді жүзеге асыруы үшін қажетті өзге де ақпаратты ұсынуы;

4-4) алып тасталды - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4-5) банктердің мемлекеттік кіріс органына тауарлардың электрондық сауда-саттығы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебінде тұрған тұлғалардың банктік шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуы;

4-6) банктің ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктің ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты уәкілетті органға беруі;

4-7) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының қаржылық және (немесе) төлем жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде, ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктің ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына беруі;

4-8) уәкілетті органның осы Заңның 57-бабы 9-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты аудиторлық ұйымға беруі;

4-9) кредиторлар синдикатына қатысушы банктің банк-агентке Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді беруі;

5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға, сондай-ақ активтерді тәуелсіз бағалауды, техникалық және (немесе) қаржылық және (немесе) заң аудитін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті басқа да қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғаға екінші деңгейдегі банктердің мәліметтер ұсынуы;

5-1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға басқарма төрағасы немесе оның орынбасарлары қол қойған, ұйымның жазбаша сұрау салуы негізінде ұйымның қарыз алушысы, кепілі, кепілгері, лизинг алушысы немесе кепіл берушісі болып табылатын адамға қатысты берілетін, банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақшаның қалдығы және қозғалысы, банк операциялары (банк операцияларын жүргізудің жалпы талаптарын қоспағанда) туралы анықтамаларды, сондай-ақ банктің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында орналасқан мүліктің бар-жоғы, сипаты мен құны туралы мәлiметтерді ұйымның "Көшірмесі дұрыс" деген белгісі бар осы кредит бойынша ұйымның талап ету құқығын иеленуін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынған жағдайларда беруі – банк құпиясын ашу болып табылады.

"Көшірмесі дұрыс" деген жазу тырнақшасыз көрсетіледі, жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, құжаттардың көшірмелерін куәландыру жөнінде тиісті өкілеттіктер берілген ұйымның уәкілетті адамының лауазымы, тегі және аты-жөні, куәландыру күні көрсетіле отырып, оның қолымен куәландырылады және ұйым мөрінің бедерімен бекемделеді.

5-2) екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру және (немесе) Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті мәліметтерді дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі орнықтылық ұйымына ұсынуы;

6) қайта құрылымдалатын банктің олардың алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетін банк кредиторларына, басқа банктерге қайта құрылымдалатын активтер мен міндеттемелер бойынша қайта құрылымдау шеңберінде мәліметтерді табыс етуі;

7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік бюроға теріс ақпарат беруі және кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектісі туралы мерзімі күнтізбелік бір жүз сексен күннен асып кеткен берешегі бөлігінде теріс ақпарат беруі;

8) банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген (қайта берілген) кезде осы Заңның 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың осы Заңның 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға банктік қарыз шарты (берілген кредит) бойынша ақпарат беруі;

8-1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаға талап ету құқықтарын осы ұйым сатып алған кредит (қарыз) бойынша ақпаратты беруі;

8-2) осы Заңның 36-1-бабына сәйкес құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде осы Заңның 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың коллекторлық агенттікпен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарт шеңберінде осы коллекторлық агенттікке немесе сервистік компанияға кредит (қарыз) бойынша ақпарат беруі;

9) банктің Қазақстан Республикасының резиденті-банк холдингіне банк конгломератының пруденциялық нормативтерді есептеуі, сондай-ақ банк конгломератының тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін мәліметтер беруі;

10) банктік қарыз беру фактісін растайтын құжаттарды басқа банктерге беруі;

11) алынып тасталды - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12) 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
13) қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберу кезінде мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды атқаратын адамның растаушы құжаттар мен материалдар ретінде банк құпиясын құрайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы;

14) жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шартты нотариус жасайтын куәландыру бойынша жылжымайтын мүлікпен қолма-қол емес ақшасыз нысанда мәміле жасау үшін банк клиентіне ашылған эскроу-шоттағы ақшаның бар-жоғы және сомасы туралы ақпаратты банк клиентінің келісуімен нотариустың электрондық нысанда қалыптастырылған сұрау салуы бойынша банктің электрондық нысанда ұсынуы;

15) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік кіріс органдары мен уәкілетті органға кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерлерден асырып алуы туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынуы;

16) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнің үзінді-көшірмесі қоса берілген жазбаша сұрау салуы бойынша банктердің тізілімге енгізілген тұлғалар бойынша банк құпиясын құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруі банк құпиясын жария ету болып табылмайды.

5. Банктік шоттардың бар екендігі және нөмiрлерi туралы анықтамалар шоттың (шоттардың) иесi қарыз алушы, кепiлдік берушi, кепілгер, лизинг алушы немесе кепiл берушi болып табылатын банкке кредит алынғанын растайтын, тізбесі мен ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар ұсынылған жағдайда банктің сұратуы негізінде берiледi.

Банк сұратуды және кредит алынғанын растайтын құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда жібере алады.

6. Заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi:

а) қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға: мөрмен расталған және прокурор санкциялаған жазбаша сұрау салу негізінде, олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша;

б) соттарға:

сот ұйғарымы, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан iстер бойынша;

в) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;

в-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне – барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында;

г) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз);
д) мемлекеттік кіріс органдарына салықтық әкімшілендіру, кедендік бақылау мақсатында мыналарға:

тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты – салық салуға байланысты мәселелер бойынша;

тексерілетін жеке тұлғаға;

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаға қатысты – салық салуға байланысты мәселелер бойынша;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған және қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан жеке тұлғаға қатысты;

орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген табыс ету мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салық есептілігін табыс етпеген заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға қатысты;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері қолданылатын заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіпқой медиаторға қатысты;

әрекетсіз заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, адвокатқа қатысты;

кедендік тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге қатысты;

пайда болған күнінен бастап төрт ай ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салық берешегі бар заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты;

д-1) мемлекеттік сот орындаушыларына: өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша мемлекеттік сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және прокурор санкциялаған қаулысы негiзiнде заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алынатын сома шегінде ақшаның бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;

д-2) жеке сот орындаушыларына: өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша жеке сот орындаушысының жеке мөрімен расталған және прокурор санкциялаған қаулысы не жеке мөрмен расталған оның көшірмесі негізінде заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алынатын сома шегінде ақшаның бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;

д-3) прокурордың санкциясымен банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаға қатысты банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейінгі бес жыл ішіндегі кезең үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға.

6-1. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар мемлекеттік кіріс органдарына мыналарға:

заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;

мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;

өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік лауазым атқаратын адамға және осы кезеңде оның жұбайына (зайыбына) қатысты;

жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты беріледі.

Осы тармақта, осы баптың 6-тармағының д) тармақшасында, 6-2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде тек салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ұсынылады.

Осы баптың 6-2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында, 6-3 және 6-4-тармақтарында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде тек салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана уәкілетті органмен келісу бойынша ұсынылады.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-2-тармақ 01.01.2026 дейін қолданыста болады - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен.
6-2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға оның сұрау салуы негізінде мынадай:

1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті жеке тұлғалардың банк шоттарының бар-жоғы, нөмірлері туралы және олардың осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы;

2) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсынады.

Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған жеке тұлғаларда активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сұратады.

Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сұрау салуына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың тізімі қоса берілуге тиіс.

6-3. Тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы, оның ішінде сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомалары көрсетілген мәліметтерді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынады.

Мемлекеттік кіріс органдары осы тармақта көрсетілген мәліметтерді тексерілетін тұлғаға салық салумен байланысты мәселелер бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында пайдаланады.

6-4. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуі туралы мәліметтерді беру бөлігіндегі банктік құпия мемлекеттік кіріс органдарының талабы негізінде ашылуы мүмкін. Мемлекеттік кіріс органдарының талабы банктердің немесе жекелеген банктік операциялар түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеу туралы мәліметтер беруіне жеке тұлға (шот иесі) келіскен жағдайда ресімделеді.

6-5. Банктік шоттарының бар-жоғы (ашылғаны), нөмірлері туралы және осы шоттардағы ақша қалдықтары, сондай-ақ өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе басқарудағы мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:

1) бейрезидент жеке тұлғаларға және бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жолданған шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға қатысты ұсынады.

Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсыну тәртібін, мерзімдерін және нысанын уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

7. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ оның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер мыналарға берiледi:

а) жеке тұлғаның өкiлдерiне:

нотариалды түрде куәландырылған сенiмхат негiзiнде;

б) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: олардың іс жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша, жеке тұлғаның шоттарда немесе банкте сақтаулы жатқан ақшасына және өзге де мүлкiне тыйым салынуы, олардан өндiрiп алу немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын жағдайларда, анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойған, мөрiмен расталған жазбаша сұрау салу не біріншi басшының немесе тергеушiнің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық нысандағы сұрау салу, прокурордың санкциясы, оның ішінде электрондық нысанда салынған санкциясы негiзiнде;

в) соттарға:

шоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде, соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі, үкiмi негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;

г) прокурорға: қарауындағы материал бойынша оның құзыретi шегiнде, қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынылған тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде.

г-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында;

д) (алып тасталды)

е) (алып тасталды)

ж) мемлекеттік сот орындаушыларына: мемлекеттік сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және прокурор санкциялаған қаулысының негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша борышкер жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттарда өндіріп алу сомасы шегіндегі ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы және сейф жәшіктерінің бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;

з) жеке сот орындаушыларына: жеке сот орындаушысының өз жеке мөрімен растаған және прокурор санкциялаған қаулысының негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша борышкер жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттарда өндіріп алу сомасы шегіндегі ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы және сейф жәшіктерінің бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана.

и) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жыл ішіндегі кезеңде осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде қаржы басқарушысына прокурордың санкциясымен беріледі. Өкілеттіктерді растау мақсатында сұрау салуға соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы қоса беріледі.

к) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезеңде осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға беріледі.

7-1. Клиенттің банктік шоттарының бар-жоғы екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген анықтамалар уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратуы алынған күннен бастап үш операциялық күн ішінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ұсынылады.

Анықтама сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда келіп түскен кезде электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.

Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы қағаз жеткізгіште ұсынылатын анықтамалар клиенттiң банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме нысанында жіберіледі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мәліметтерді қамтиды.

Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар осы баптың 6-тармағының а), б), в), д), д-1) және д-2) тармақшаларында, сондай-ақ 7-тармағының б), в), г), ж) және з) тармақшаларында аталған тұлғаларға қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық нысандағы сұрату негізінде беріледі.

7-2. Банк омбудсманына өзінің қарауында жатқан, қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштерін қарау бойынша банктік құпия ашылуы мүмкін.

8. Жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi және олардағы ақшаның қалдығы туралы анықтамалар, сондай-ақ банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкiнiң бар-жоғы, сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер, иесi қайтыс болған жағдайда мыналарға:

1) мұра өкiмiнде шот (мүлiк) иесi деп көрсетiлген адамдарға;

2) сот ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың сұрау салуы негізінде, өздерінің іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша соттар мен нотариустарға;

3) шетелдiк консулдық мекемелерге: олар жүргізіп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша;

4) мұрагерлерге беріледі.

8-1. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаның, оның ішінде кәсіпкерлік қызметін заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың банктік шоттарының болуы және нөмірлері туралы, жария ету субъектілерінің ақшаны жария ету үшін ашылған осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтама Бас Прокурордың немесе оның орынбасарларының санкциясымен анықтау және алдын ала тергеу органдарына, мемлекеттік кіріс органдарына беріледі.

9. (алып тасталды)
10. Уәкілетті орган Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға банктік құпияны қамтитын ақпаратты аталған бапта көзделген шарттармен береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-2) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға банк құпиясын қамтитын ақпаратты аталған бапта көзделген шарттармен береді.

Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына өзіне осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.

11. Мемлекеттік кіріс органдарының сұратуларын қоспағанда, осы баптың 6 және 7-тармақтарында тізбеленген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың қағаз жеткізгіштегі сұратулары, қаулылары мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның мөрімен куәландыруға жатады.

Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың сұратуларының, қаулыларының көшірмелері ұсынылған кезде көрсетілген құжаттардың көшірмелерінде "Көшірмесі дұрыс" деген белгі қойылады. "Көшірмесі дұрыс" деген белгі тырнақшасыз көрсетіледі, құжаттардың көшірмелерін куәландыру жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, куәландырған күні көрсетіліп, оның қолымен және мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның мөрімен куәландырылады.

12. Банк құпиясын құрайтын мәліметтерді қамтитын құжаттарды немесе олардың көшірмелерін алып қою және (немесе) талап етіп алдыру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің нормаларына сәйкес сот санкциялаған алу ісін жүргізу туралы қаулылар негізінде немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде айқындалған тәртіппен соттың ұйғарымы негізінде жүргізіледі.

13. Осы баптың талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға да қолданылады.

Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентiнiң 1996.01.27 № 2830 Заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1996.09.27 № 37, 1997.07.11 № 154, 1998.06.29 № 236, 2000.03.29 № 42, 2003.07.10 № 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.07.06 № 572, 2004.12.13 № 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.07.08 № 69, 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.22 № 147, 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.11. № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 № 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 400-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...48‑1 49 50 51 52 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться