Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 52-14 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
52-14-бап. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсаты

1. Банкті ислам банкіне айналдыру банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады. 

Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту тәртібі осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады. 

2. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсатын беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 

1) банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі; 

2) осы Заңның 52-15-бабының талаптарына сәйкес келетін, банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары; 

3) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және ислам банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алған соң кейінгі үш жылға арналған, мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін бизнес-жоспар, төмендегілерді қоса алғанда: 

банктің мақсаты мен міндеттерінің сипаттамасы және ислам банкінің банктік және өзге де операцияларының түрлері; 

банктің қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау); 

банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және банкті ислам банкіне айналдырғаннан кейін кейінгі үш қаржы (операциялық) жылына банк қызметін дамыту стратегиясы мен оның ауқымы; 

банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және банкті ислам банкіне айналдырғаннан кейін кейінгі үш қаржы (операциялық) жылына банктің тәптіштелген жылдық қаржылық жоспары; 

тәуекелдерді басқару жоспары (ислам банкінің қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипаттамасы және банкті ислам банкіне айналдыру кезеңінде және банкті айналдырғаннан кейін кейінгі үш қаржы (операциялық) жылында оларды басқару тәсілдері). 

3. Уәкілетті орган өтінішті осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды өтініш беруші ұсынған күннен бастап екі ай ішінде қарайды. 

Банк осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді. 

4. Банк уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешімі қабылдағанға дейін уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беруі туралы өтінішті еркін нысанда жазбаша өтініш беру арқылы кері қайтарып алуға құқылы. 

5. Банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады: 

1) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін өзі белгілеген мерзімде жоймауы; 

2) банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының осы Заңның 52-15-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;  

3) бизнес-жоспардың осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі; 

4) банкті ислам банкіне айналдыру салдарларының қаржылық болжамы банкті ислам банкіне айналдыру салдарынан банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжауы; 

5) банктің және (немесе) банк конгломератының пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуы және (немесе) банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру туралы өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде банкте Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаның болуы болуы; 

6) банкті ислам банкіне болжамды айналдыру нәтижесінде банк депозиторлары мүдделерінің бұзылуы. 

6. Уәкілетті орган осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беруге немесе осы рұқсатты беруден дәлелді бас тарту беруге міндетті.  

7. Уәкілетті орган банкті ислам банкіне айналдыруға берілген рұқсатты мынадай жағдайларда кері қайтарып алады: 

1) рұқсат беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы; 

2) банктің өз қызметін өзге нысандарда қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы не банктің қызметін тоқтату туралы сот шешімінің қабылдануы; 

3) банктің осы Заңның 52-17-бабында көзделген талаптарды орындамауы не талаптарды орындау мерзімін бұзуы; 

4) банкке ислам банкінің банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия беруден бас тарту.  

Банк уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға берілген рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін банкті ислам банкіне айналдыруға берілген рұқсатты ерікті түрде қайтаруға құқылы. 

Банкті ислам банкіне айналдыруға арналған рұқсат кері қайтарып алынған кезде немесе банк осы рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде, уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болған факті анықталған немесе банк рұқсатты ерікті түрде қайтару туралы өтініш берген күннен бастап екі айдың ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды. 

Ескерту. 52-14-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...52‑12 52‑13 52‑14 52‑15 52‑16 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться