Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 52-8 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
52-8-бап. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру

Ескерту. 52-8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Ислам банктері ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты (бұдан әрі – коммерциялық кредит туралы шарт) негізінде тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыруға құқылы. 

2. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Коммерциялық кредит туралы шартқа осы бапта көзделген ерекшеліктер және осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптар ескеріле отырып, тауарларды кредитке (төлем мерзімін кейінге жылжыту немесе ұзарту арқылы) сатып алу-сату шартының ережелері қолданылады.  

4. Коммерциялық кредит туралы шартта тауардың атауы және саны, тауарға үстеме бағаның мөлшері көрсетіле отырып, сатып алушы ислам банкінен сатып алатын тауардың құны туралы талаптар, сондай-ақ коммерциялық кредиттің талаптары (төлем мерзімін кейінге жылжыту немесе ұзарту) қамтылуға тиіс.  

5. Егер коммерциялық кредит туралы шартта өзгеше көзделмесе, ислам банкінің сатып алушыға тауарды сату бағасы сатушыдан тауарды сатып алу бағасы мен тауарға үстеме баға сомаларынан құралады. Үстеме баға тіркелген сома немесе сатушыдан тауарды сатып алу бағасының пайызы түрінде белгіленуі мүмкін.  

6. Тауарды сатып алу кезінде ислам банкі сатушымен жасалған сатып алу-сату шартында тауардың коммерциялық кредит туралы шарт жасасу үшін сатып алынатынын көрсетуге міндетті. 

7. Коммерциялық кредит туралы шарт бойынша бір мезгілде сатып алушы болатын сатушыдан тауарды сатып алуға жол берілмейді. Ислам банкі тауарды сатушымен жасасқан сатып алу-сату шарты тауарға алдын ала төлем жасау, сатып алынған тауарды белгілі мерзімде қайтару және тауардың сатып алу бағасын қайтару мүмкіндігі туралы талаптарды көздеуі мүмкін.  

8. Коммерциялық кредит туралы шартта сатып алушының тауарларға ақша немесе өзге мүлік кепілімен төлем жасау бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету талаптары көзделуі мүмкін.  

9. Егер коммерциялық кредит туралы шарттың нысанасы дайындауға жататын тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, жылжымалы жаңа затты, жаңадан құрылатын жылжымайтын мүлікті), мүлікті пайдалану, жұмысты орындау не қызмет көрсету нәтижесінде алынатын тауарларды (ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы немесе өзге ұқсас өнімнен алынған мүлікті пайдалану кезінде бөлініп алынатын жемістер түрінде) сатып алу болып табылса, шарттың осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қорытындысы талап етіледі.  

10. Ислам банкі мен осы баптың 9-тармағында көрсетілген тауарды өндіруші (дайындаушы) арасында жасалған коммерциялық кредит туралы шартта тараптардың келісімімен айқындалған мерзімде (тауар берудің мерзімін кейінге жылжыту) тауар беру талабымен сатып алынатын тауарға (аванс түріндегі коммерциялық кредит) дереу ішінара немесе толық төлем жасау көзделуі мүмкін. Тауар өндірушіге (шығарушыға) коммерциялық кредит беру кезінде ислам банкінің тауарды тікелей сатып алушымен жасасқан сатып алу-сату шарты тараптардың келісімімен айқындалған мерзімде (тауар берудің мерзімін кейінге жылжыту) тауар беру талабымен тауарға дереу ішінара немесе толық алдын ала төлем жасау туралы талаптарды көздеуі мүмкін.  

11. Осы баптың 9-тармағында көзделген коммерциялық кредит туралы шарт жасалған жағдайда банк пен тауар өндіруші (шығарушы) арасындағы қарым-қатынастарға мердігерлік, тауар беру, келісімшарт жасасу, өтелетін қызметтер көрсету туралы ережелер немесе осы қарым-қатынастарға сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген міндеттеме туралы басқа да ережелер қолданылады. 

Ескерту. 52-8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...52‑6 52‑7 52‑8 52‑9 52‑10 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться