Ст. 54 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
54-бап. Банктердегi есепке алу және есептілік
1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептілiктi қоса алғанда, банктердің қаржылық және өзге де есептiлiгінiң тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбi уәкiлеттi органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілігінің және өзге де есептілігінің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Банктер операциялар мен оқиғаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Банктер уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратулары бойынша өздерiнiң қаражаттары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы шегiнен тысқары жердегi қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берiлген кредиттердiң мөлшерi, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және банк құпиясын құрайтын мәлiметтердi қоса алғанда, өзге де мәлiметтердi беруге мiндеттi.
3. Алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей