Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 77 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
77-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым беру

Ескерту. 77-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 

Уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкiн. 

Уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы, банкті өзінің депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызу туралы, банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, оған реттеу жөніндегі шараларды қолдану туралы шешімдеріне, сондай-ақ банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) консервациялау сатысындағы, соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) әрекеттеріне шағым жасау шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын немесе әрекеттерді (әрекетсіздікті) тоқтата тұрмайды. 

Уәкілетті органның шешімі негізінде жасалған және (немесе) консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы), банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) тарапы болып табылатын мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін тараптардың осы мәміле бойынша алғандарының барлығын қайтаруына жол берілмейді. 

Ескерту. 77-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...76 76‑1 77 78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться