Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
8-бап. Банктер мен банк холдингтері үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет

1. Банктерге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, банк қызметiне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 9-тармағында және 30-бабының 12-тармағында көзделмеген операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады. 

2. Банк холдингтерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады. 

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу мынадай жағдайларда: 

1) банктер: 

орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде, банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар, төлем ұйымдары мәртебесі бар қаржы ұйымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларын құрған, сондай-ақ акцияларға және жарғылық капиталға қатысу үлестеріне ие болған жағдайларда қолданылмайды; 

сатып алатын акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он пайызынан аз мөлшерде заңды тұлғаларды; 

бағалы қағаздарды банк кепілдігімен шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденті емес-еншілес арнайы ұйымдарды; 

Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмілелері үшін құрылған еншілес арнайы қаржы компанияларын; 

екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылған (иеленген), күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарын; 

бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттері – еншілес ұйымдарды; 

айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын еншілес ұйымдарды; 

электрондық ақша жүйесі операторының қызметтерін көрсететін ұйымдарды; 

лизинг қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымдарды; 

төлем карточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп айырысуларды қоса алғанда, банктік қызмет бойынша есеп айырысуға қатысушылардың арасында ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимылдарды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін ұйымдарды; 

электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электронды цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дәйекті болуын растау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды; 

осы Заңның 10-бабында аталған заңды тұлғаларды; 

кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе осы ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банктердің меншігіне өткен кезде заңды тұлғаларды; 

қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржалары мен орталық депозитарийді; 

кредиттік бюроларды; 

осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарды; 

жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін); 

Интернет арқылы ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасау мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін); 

қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін); 

ислам банкі осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асырғанда - өзге де заңды тұлғаларды; 

2) банк холдингтері: 

қаржы ұйымдарын; 

екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын оларды басқару және (немесе) одан кейін өткізу, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттерін-ұйымдарды; 

бағалы қағаздарды банк холдингінің кепілдігімен шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденттері емес-арнайы ұйымдарды; 

Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмілелері үшін құрылған еншілес арнайы қаржы компанияларын; 

банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау, лизингтік қызметті жүзеге асыру айрықша қызметі болып табылатын ұйымдарды; 

төлем карточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп айырысуларды қоса алғанда, банктік қызмет бойынша есеп айырысуға қатысушылар арасында ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін ұйымдарды; 

банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденті – заңды тұлғаларды; 

осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарды; 

жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін); 

Интернет арқылы ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасау мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін); 

қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін) құру, сондай-ақ акцияларына немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне ие болу жағдайларына қолданылмайды. 

Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарында және 2) тармақшасының оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарында белгіленген талаптар уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған кезде банктер мен банк холдингтерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарын құру, сондай-ақ олардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне ие болу жағдайларына қолданылады. 

Банктің еншілес ұйымдары, осы Заңның 11-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келетін заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Банктің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда, сақтандырушыға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның және деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның акцияларын да сатып алуға құқылы. 

Банк холдингінің еншілес ұйымдары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келетін заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Банк холдингінің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда, сақтандырушыға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акцияларын және деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның акцияларын да сатып алуға құқылы. Бұл талап: 

Қазақстан Республикасының резиденті-еншілес банктерге; 

көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылдайтын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасы резиденті банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылдайтын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы банк холдингі бас ұйымы болып табылатын заңды тұлғаларға; 

мынадай талаптардың бірін орындаған кезде: 

банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығын білдіретін олар шыққан елдің қаржы қадағалау органының жазбаша растауы болған; 

уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінің еншілес ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді. 

4. Осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын банктің сатып алуы бір заңды тұлғаға банктің меншікті капиталының он пайызынан аспауға тиіс. Бұл шектеу банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерін не көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларын иеленуіне, оның ішінде оларды құру жағдайларына да қолданылады. 

Банктің осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мөлшерден аспауға тиіс. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шектеу басқа банкке бақылау жасауды: 

осы Заңға сәйкес оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілгенге; 

осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырғанға байланысты иемденген банктерге қолданылмайды. 

5. Банктің қаржы ұйымдарының, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес–заңды тұлғалардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он немесе одан көп пайызы мөлшерінде сатып алуына және иеленуіне банк уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін өз капиталының ең төменгі жеткіліктілігіне қойылатын қосымша талаптарды банк орындаған жағдайда жол беріледі. Бұл талап банк көрсетілген заңды тұлғаларды құрған жағдайларға да қолданылады. 

6. Банк конгломераты, банк немесе банк холдингі бас ұйымының банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын лимиттерден аспауға тиіс. 

7. Заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банктің меншігіне өткен жағдайларда, банктер осы ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алған кезде банктің осындай заңды тұлғаларға қатысуы банктің меншікті капиталының он пайызынан аспауға тиіс. 

Акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі мынадай: 

банк кепіл ретінде қабылдаған осы ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттармен құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымына беру; 

осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың кепіл ретінде қабылданған акцияларының немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің банк меншігіне өту жағдайларын қоспағанда, он екі айдан аспауға тиіс. 

Осы тармақта белгіленген шектеулер, банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған жағдайларда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымын қоспағанда, банктердің еншілес ұйымдарына қолданылады. 

7-1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылған кепіл мүлік оған өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен жағдайда, банк көрсетілген мүлік банктің меншігіне өткен күннен бастап үш жыл ішінде сауда-саттық (аукцион) өткізу арқылы мұндай мүлікті өткізуге міндетті. Жер учаскесін өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалады. 

Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде тұрғынжайды жалға берген жағдайда, банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылған кепіл мүлікті өткізу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім жалдау мерзіміне ұзартылады. 

Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген талаптар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады. 

Осы тармақтың талабы осы баптың 7-тармағында көзделген заңды тұлғалардың акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестері банктердің меншігіне өткен жағдайларға қолданылмайды. 

8. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу: 

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын; 

уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін облигацияларды; 

Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымы болып табылатын арнайы қаржы компаниясының банк немесе банк холдингі мен арнайы қаржы компаниясы арасындағы секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру шеңберінде шығарылған облигацияларын; 

банктің немесе банк холдингінің меншікті облигацияларын және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигацияларды меншікке сатып алу жағдайларына қолданылмайды. Мұндай облигациялармен мәмілелер жасасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

Осы бапта белгіленген шектеулер ұйымның бұдан бұрын шығарылған облигациялары бойынша міндеттемелері осы ұйымның қайта құрылымданатын міндеттемелерінің тізбесіне енгізілген жағдайда банктің, банк холдингінің бұдан бұрын сатып алған облигацияларының орнына қайта құрылымдау процесіндегі ұйымдардың облигацияларын сатып алу жағдайларына қолданылмайды. 

9. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметтен басқа банктер мынадай қызмет түрлерімен: 

1) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды немесе қаржы ұйымдарының қызметінде пайдаланылатын өзге де бағдарламалық қамтылымды әзірлеумен, өткізумен және қолдап отырумен; 

2) ақпарат жеткізгіштің кез келген түрінде банк қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi арнайы әдебиеттi өткізумен; 

3) өз мүлкін өткізумен; 

4) төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығарумен, өткізумен және таратумен; 

5) банкаралық клирингті жүзеге асырумен; 

6) электронды ақшаны шығару, өткізу, сатып алу және өтеу, сондай-ақ электрондық ақшамен операциялар жасау жөніндегі ақпаратты жинау және өңдеу бойынша қызмет көрсетумен; 

7) қарыз алушылар кепiлге қойған мүліктi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен өткізумен; 

8) қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетумен; 

9) банк қызметiне байланысты мәселелер бойынша басқа тұлғалардың мүдделерiн бiлдiрумен не облигация ұстаушылардың өкілі ретінде; 

9-1) төлемді қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асыруға болатын кезде, банк жүйелері, бағдарламалары, инфрақұрылымы пайдаланыла отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алу және оларға қашықтан ақы төлеу мүмкіндігін қоса алғанда, қызмет көрсету сервисін ұсыну арқылы төлеуші мен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беруші арасында делдалдық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асырумен; 

10) банктік және қаржылық қызмет саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқуды ұйымдастырумен; 

11) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның лицензиясы болған кезде электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электронды цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ көрсетілетін банктік қызметтерін пайдаланатын өз клиенттеріне қатысты тіркеу куәлігінің дәйекті екенін растау жөніндегі қызметпен; 

12) банк пен Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру ұйымдарының арасында олардың атынан сақтандыру шарттарын жасасуға шарт болған кезде Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру шарттарын жасасумен; 

13) мүліктік жалдау (жалға беру) шартына сәйкес еншілес ұйымдарға өз мүлкін жалға берумен; 

14) қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты өндіріп алуды қолдану не ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша кепіл ретінде болған тұрғынжай түрінде бас тарту төлемін қарыз алушының беруі нәтижесінде банктің меншігіне өткен тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға беру) шарты негізінде жалға берумен айналысуға; 

15) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруға қатысуға және (немесе) банк-агенттің және (немесе) кепілді басқарушының функцияларын орындауға құқылы. 

Көрсетілген қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. 

Ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты өндіріп алуды қолдану не ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша кепіл ретінде болған тұрғынжай түрінде бас тарту төлемін қарыз алушының беруі нәтижесінде тұрғынжайы банктің меншігіне өткен жеке тұлғалар ғана осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген тұрғынжайды жалға алушылар ретінде бола алады. 

10. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызметтен басқа, банк холдингтері мынадай қызмет түрлерiмен: 

1) банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғадан өз мұқтажы үшін иеленген мүлікті сатып алумен; 

2) қаржылық қызметпен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетумен; 

3) өз мүлкін сатумен айналысуға құқылы. 

11. Банктер мен банк холдингтеріне "алтын акция" шығаруға тыйым салынады. 

12. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, банктер қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді тек қана бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасайды. 

13. Осы баптың талаптары: 

1) ислам банктерінің банк холдингтеріне; 

2) көрсетілген банктің акцияларын тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті банк холдингінің акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы банктің акцияларын жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне; 

3) мынадай талаптардың бірін орындаған кезде: 

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттері емес-тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған; 

уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді. 

4) қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері - банк холдингтеріне; 

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды не осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген кезде, басқа банктің акцияларын не ұстаушысы басқа банк болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды не басқа банкке тиесілі заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сатып алуымен байланысты банктерге қолданылмайды. 

14. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына осы Заңның 30-бабының 2-1-тармағында және 52-5-бабының 4-тармағында көзделген банк қызметіне жатпайтын кәсіпкерлік қызмет, сондай-ақ осы баптың 10-тармағының 2) тармақшасында көзделген қызмет ретінде операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салынады. 

Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 № 61-V (2012.02.04 бастап қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.03.2014 № 179-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...6 7 8 8‑1 9 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться