Банкроттық туралы
29-бап. Кредитордың немесе прокурордың мәлiмдемесiне
борышкердiң жауабы
1. Борышкер соттың банкроттық туралы iс қозғау жөнiндегi ұйғарымының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде сотқа кредитордың немесе прокурордың мәлiмдемесiне жауап қайтаруға мiндеттi.
2. Жауапта:
1) жауап жiберiлiп отырған соттың атауы;
2) мәлiмдеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) немесе атауы, мәлiмдеменiң нөмiрi мен күнi;
3) борышкердiң мәлiмдеушi талабына қарсылықтары;
4) өзге кредиторлар алдындағы мiндеттемелер, борышкер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу, салық және салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi берешектiң жалпы сомасы; <*>
5) борышкердiң қолында бар мүлiк, оның iшiнде кепiлге берiлген, жалдаудағы немесе лизингтегi мүлiк туралы, банктер шоттарындағы ақша туралы мәлiметтер, шоттардың нөмiрлерi және банктердiң тұрғылықты жерi, дебиторлардың тұрғылықты жерi және олардың берешегiнiң сомасы көрсетiлген тiзбесi;
6) борышкер мойындаған жағдайда мәлiмдеушi талаптарының қанағаттандырылғанына айғақтар.
3. Борышкердiң жауабына борышкердiң:
1) орындау мерзiмi жеткен борыштық мiндеттемелерiн орындауға;
2) орындау мерзiмi борышкердi банкрот деп тану туралы арыз берiлген кезден бастап үш айдың iшiнде келетiн борыштық мiндеттемелерiн орындауға қабiлеттi екенiн растайтын құжаттары қоса берiлуге тиiс.
4. Борышкер жауабының болмауы не оның осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмдi дәлелдi себепсiз бұза отырып тапсырылуы борышкердiң өзiнiң дәрменсiздiлiгiн мойындауы деп қаралады және соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болуы мүмкiн.
5. Борышкердiң жауабында өзiн дәрменсiз деп тануды бiлдiруi соттың оны банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болады. Борышкер жауабында өзiнiң дәрменсiздiгiн мойындаған жағдайда осы баптың 3-тармағында аталған құжаттардың табыс етiлуi мiндеттi емес.
Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 29-бапқа өзгерту енгiзiлдi - 2001.07.11. N 239 , 2004.04.08. N 542 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей