Банкроттық туралы
43-2-бап. Оңалту рәсiмiн қолданудың салдарлары
1. Сот оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм шығарған сәттен бастап мынадай салдарлар басталады:
1) мүлiкпен кәдiмгi коммерциялық операциялардың шеңберiнен тыс мәмiлелер жасасуға тыйым салынады;
2) борышкер берешегiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық төлемiн (өсiмпұлдарды, айыппұлдарды), сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есептеу тоқтатылады;
3) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, төлеу мерзiмi оңалту рәсiмiн қолданғаннан кейiн басталған, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ борышкер мүлкiнiң меншiк иелерiнiң (олар уәкiлеттiк берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкiне қатысты қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
4) оңалту рәсiмi қолданылған салықтық кезеңнен кейiнгi салықтық кезеңдердегi салықтық есептiлiкке сәйкес салық төлеушi есептеген, салықтық тексерулердiң нәтижелерi бойынша салық қызметi органы есепке жазған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер төленедi.
2. Оңалту жоспары бекiтiлгеннен кейiн:
1) оңалту жоспарында көзделгендердi қоспағанда, мүлiкпен кәдiмгi коммерциялық операциялардың шеңберiнен тыс мәмiлелер кредиторлар жиналысының келiсiмiмен жасалады;
2) кредиторлық берешектi өтеу кестесi оңалту жоспарына сәйкес орындалмаған жағдайда, кредиторлық берешектi өтеудiң оңалту жоспарында көрсетiлген күнiнен немесе кезеңiнен кейiнгi күннен бастап осы Заңның 28-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген шектеулер алынады.
Ескерту. Заң 43-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей