Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
19-1-бап. Халықаралық техникалық байқау
сертификатын беру
1. Халықаралық техникалық байқау сертификатын алу үшiн механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi жергiлiктi атқарушы органға өтiнiш бередi және оған мынадай құжаттарды:1) халықаралық техникалық байқау сертификатын беру үшiн мемлекеттiк баж төлегенi туралы түбiртектi;
2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жылға көлiк құралы салығын төлегенiн немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;
3) мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн қоса бередi.
2. Жергiлiктi атқарушы орган құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде механикалық көлiк құралының
және оның тiркемелерiнiң иесiне халықаралық техникалық байқау сертификатын бередi.
3. Осы баптың 1-тармағында санамаланған құжаттар болмаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган өтiнiш берiлген күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде механикалық көлiк құралының және оның
тiркемелерiнiң иесiне бас тарту себептерiн көрсете отырып, халықаралық техникалық байқау сертификатын беруден жазбаша түрде дәлелдi бас тартуды жiбередi.
4. Халықаралық техникалық байқау сертификаты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес берiледi.
5. Халықаралық техникалық байқау сертификаты жоғалған немесе бүлiнген кезде көлiк құралы иесiнiң халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын алуға құқығы бар.
Халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын
алу үшiн көлiк құралының иесi жергiлiктi атқарушы органға
өтiнiш бередi және халықаралық техникалық байқау сертификатының
телнұсқасын беру үшiн мемлекеттiк баж төлегенi туралы түбiртектi ұсынады.
Халықаралық техникалық байқау сертификатының жоғалған немесе бүлiнген бланкiсi жергiлiктi атқарушы органға оның жоғалғаны немесе бүлiнгенi туралы өтiнiш берiлген күннен бастап жарамсыз деп танылады.
6. Жергiлiктi атқарушы орган өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және үстiңгi оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазбасы бар халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын бередi.
7. Көлiк құралының иесi халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беру үшiн мемлекеттiк баж төлегенi туралы түбiртектi ұсынбай өтiнiш берген жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган осы баптың 6-тармағында көрсетiлген мерзiмде халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беруден жазбаша нысанда бас тартады.
8. Халықаралық техникалық байқау сертификаты мiндеттi немесе мемлекеттiк техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiкте көрсетiлген мерзiмге сәйкес келетiн мерзiмге берiледi.
Ескерту. Заң 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей