Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15 Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы
15-бап. Тұтынушыға арналған ақпаратқа қойылатын талаптар

 1. Ойыншықты тұтынушыға арналған ақпаратта мынадай деректер міндетті түрде болуға тиіс:

1) өнімнің атауы;

2) Қазақстан Республикасының нарығында өнімді орналастыратын дайындаушының және (немесе) тұлғаның заңды мекенжайы көрсетілген толық атауы;

3) ойыншықтың фукционалдық мақсаты немесе оның қолданылу аясы;

4) негізгі тұтынушылық қасиеттері және (немесе) сипаттамалары;

5) сәйкестік белгісі;

6) пайдалану жөніндегі нұсқаулық;

7) ойыншықты пайдалану кезінде ықтимал қатерлер және жасына қарай шек қою туралы ескертулер.

2. Анық үш жастан кіші балаларға арналмағандардан басқа, ойыншықтарға берілетін ақпаратта жасына қарай шек қоюды енгізу қажеттілігі түсіндірілуге тиіс.

3. Шаналарға, аспалы әткеншектерге, сақиналарға, трапецияларға, арқандарға және гимнастикалық снарядтарды асып қою үшін рамаға бекітілген осыған ұқсас жарақтарға, бұларды дұрыс құрастырмаған кезде қауіп төндіруі мүмкін элементтерді көрсете отырып, кешенді монтаждау жөніндегі, снарядтардың неғұрлым жауапкершілікті қажет ететін бөліктерін (аспаларын, еденге бекітпелерді, бауларын, ілгектерін) әр кез тексеру және күтіп ұстау жөніндегі нұсқаулықтар бірге берілуге тиіс.

4. Функционалдық ойыншықтарда немесе олардың орамасында ойыншық кішірейтілген моделі немесе имитациясы болып табылатын аспапты немесе бұйымды пайдаланудың қатеріне ұқсас қатерлерді көрсете отырып, ойыншықты тек ересектердің қарауымен ғана пайдалану мүмкіндігі туралы, сондай-ақ ойыншықты балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау шарттары туралы ақпараты бар ескерту жазбасы болуға тиіс.

5. Химиялық ойыншықтарға оларда бар қауіпті заттар, ықтимал қатерлер мен қажетті сақтық шаралары, ойыншықты балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау шарттары туралы, сондай-ақ ойыншықтарды пайдалану кезінде жарақат алған жағдайда алғашқы жәрдем көрсету жөніндегі шаралар туралы ақпарат бірге берілуге тиіс.

6. Роликті конькилер мен скейттерге мұндай ойыншықтарды қорғану керек-жарағымен қоса пайдалану қажеттігін көрсететін, сондай-ақ құлау немесе қақтығысу салдарынан болатын жазатайым жағдайларды болғызбау үшін ойыншықтарды пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы ақпарат қоса беріледі.

7. Суда ойнауға арналған ойыншықтар ойыншықтарды таяз су тоғанында ересектердің қарауымен пайдалану туралы ақпаратпен жабдықталуға тиіс.

8. Тұтынушыға арналған ақпарат нақты ойыншыққа бірге берілетін мәтіндік құжат (паспорт, заттаңба, жапсырма, пайдалану жөніндегі нұсқаулық) түрінде берілуі немесе ойыншыққа тікелей немесе оның орамасына (тұтынушы ыдысына) таңбалау түрінде түсірілуі мүмкін.

9. Тұтынушыға арналған ақпарат "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде және орыс тілінде берілуге тиіс. Егер аббревиатура дайындаушыны немесе өнімді нарыққа орналастыратын тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік берсе, ақпараттың бір бөлігі қысқартылуы мүмкін.

10. Мәлімделген ақпаратқа өнімнің сәйкестігі дайындаушы немесе өнімді нарыққа орналастыратын тұлға үшін міндетті болып табылады.

Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 94-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...19

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться