Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 305


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы
11-бап. Машиналар мен жабдықтар өндірісі кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1. Өндіріс кезінде машиналар мен жабдықтарды дайындау процесінің жобалау құжаттамасы, осы Заң және техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуі қажет. 

2. Машиналар мен жабдықтар өндірісі кезінде өндіруші жобалау құжаттамасында айқындалған, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөнінде барлық шаралар кешенін орындауға міндетті.  

3. Өндіріс кезінде қауіпсіздікке байланысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.  

4. Машиналар мен жабдықтардың өндірісі кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулық әзірленуге тиіс.

Пайдалану жөніндегі нұсқаулық:  

1) монтаждау, жинау, жөнге келтіру немесе реттеу жөніндегі нұсқауларды;  

2) пайдалану кезінде сақталуы қажет, машиналарды немесе жабдықтарды штаттық пайдалану жөніндегі және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жөніндегі нұсқауларды (пайдалануға беруді, тікелей мақсаты бойынша пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеудің және техникалық куәландырудың барлық түрлерін, зиянды өндірістік факторлардың өршуін азайтуға және оқшаулауға бағытталған қорғану құралдарын, тасымалдауды және сақтау жағдайларын қоса алғанда);  

3) қызмет ету мерзімінің тағайындалған көрсеткіштері және (немесе) тағайындалған ресурсты;  

4) оқыс оқиғаға (апатқа) әкеп соғатын қауіпті істен шығудың, персоналдың (пайдаланушының) ықтимал қателерінің және аталған қателерді болдырмайтын іс-қимылдардың тізбесін;  

5) шекті жай-күйінің критерийін;  

6) тасымалдау, сақтау жөніндегі пайдаланудан шығару, жою және кәдеге жарату жөніндегі нұсқауларды;  

7) персоналға қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.  

5. Барлық машиналар мен жабдықтарда мынадай ақпаратты қамтитын, анық әрі өшірілмейтін таңбалау болуға тиіс:  

1) дайындаушының атауы және (немесе) оның тауарлық белгісі;  

2) машинаның және (немесе) жабдықтың атауы, сериясының немесе типінің белгісі, нөмірі;  

3) арналған мақсатының негізгі көрсеткіштері және қолданылу шарттары;  

4) дайындалған күні.

Таңбалаудың барлық белгілері пайдалану жөніндегі нұсқаулықта түсіндірілуге тиіс.  

6. Егер техникалық регламенттерде қауіптер туралы қажетті ескерту жазбалары немесе белгілер көзделсе, машиналар мен жабдықтарда аталған жазбалар мен белгілер болуға тиіс.  

7. Машиналар мен жабдықтар үшін қолданылатын материалдар мен заттар техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.  

8. Машиналар мен жабдықтардың жекелеген түрлері үшін техникалық құжаттаманың мазмұны техникалық регламенттерде белгіленеді.  

9. Өндіруші, уәкілетті өкіл машиналар мен жабдықтар жасалған кезден бастап немесе машиналар мен жабдықтар сериялы өндірілген жағдайда, олардың соңғы данасын жасаған кезден бастап он жыл бойы техникалық құжаттаманы сақтауға міндетті.
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...20

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться