Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 137 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
137-бап. Патронат тәрбиешілерге берілген баланы күтіп-бағу

1. Патронат тәрбиешілерге берілген әрбір баланы күтіп-бағуға Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді. 

2. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган патронат тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың өмірі мен тәрбиесіне қалыпты жағдай жасауға жәрдемдесуге міндетті, сондай-ақ патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті. 

Ескерту. 137-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-1-тарау. Бала қонақтайтын отбасы


Ескерту. 4-бөлім 18-1-тараумен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
137-1-бап. Бала қонақтайтын отбасы 

Баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар және бала тұрып жатқан ұйым, баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган арасында жасалған, баланы қонақтайтын отбасына беру туралы шарт баланы қонақтайтын отбасына беруге негіз болып табылады. 

Бала қонақтайтын отбасы бірнеше жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы қабылдай алады. 

2. Бала қонақтайтын отбасы туралы ережені Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
Статья 1 ...135 136 137 137‑2 137‑3 ...283

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?




Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться