Ст. 223 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
223-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімдерін қысқарту және ұзарту
1. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша, тиісті құжаттармен (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталған дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімін күнтізбелік он бес күн өткенге дейін қысқартады не бұл мерзiмдi ұзартады, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс. Мерзiмдi қысқарту уақыты әрбiр жеке жағдайда нақты мән-жайларға байланысты айқындалады.
2. Жекелеген жағдайларда, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеудi күту мерзiмi неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеуге кедергi келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің бастамасы бойынша ұлғайтылуы мүмкiн. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазба жасалғанға дейiн тіркеуші органның жұмыскері, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері жазбаны тоқтата тұруға және өтініш берушiден күнтізбелік он бес күннен асыруға болмайтын белгiленген мерзiмде тиiстi құжаттық дәлелдемелер ұсынуды талап етуге міндеттi.
Тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі мүдделi адамдардың өтінуі бойынша немесе өз бастамасымен қажеттi тексеруді жүргiзеді. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеудi кейінге қалдыру туралы неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берген адамдар хабардар етіледі. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) заңды кедергiлер болған кезде тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі оны мемлекеттік тiркеуден бас тартады.
Егер мұндай кедергiлер туралы мәлiметтер расталмаса, некенi (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тiркеу жалпы негiздерде жүргiзiледi. Аталған мән-жайларды тексеру күнтізбелік он бес күн ішінде аяқталуға тиiс.
Күнтізбелік он бес күнді қысқарту немесе ұлғайту туралы рұқсатты – тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері, ал олар болмаған кезде олардың мiндетiн атқарушы адам неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтінішке қарар түрінде бередi.
Егер некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек бiлдiрушiлер дәлелдi себептер бойынша белгiленген күнi тіркеуші органға немесе Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмайтын болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеу мерзiмi олардың өтінуі бойынша басқа уақытқа ауыстырылады.
Ескерту. 223-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Нотариус является плательщиком НДС, обязан ли выписывать ЭСФ?
Добрый день, какой срок исковой давности при проверке антимонопольного коммитета? Нам пришло постановление на ИП с 2018 г., она на упрощенке и бухучет не велся, многие документы потеряны. как быть?
Здравствуйте. В статье 135. «Вахтовый метод работы» ТК РК сказано, что вахтой считается период, включающий время выполнения работ на объекте и время междусменного отдыха.
В пункте 1 статьи 208 написано, что работник при донации крови в рабочие дни освобождается от работы с сохранением средней заработной платы, а в 3-ем пункте этой же статьи говориться, что , если по соглашению с работодателем работник, являющийся донором, в дни донации крови и (или) ее компонентов приступил к работе, ему предоставляется по его желанию другой день отдыха с сохранением за ним средней заработной платы либо этот день может быть присоединен к ежегодному трудовому отпуску.
Значит ли это что вслучае донации в период междусменного отдыха работник в праве получить второй оплачиваемый день отпуска, помимо дня оговоренного в пункте 2 статьи 208.
Здравствуйте, учитывается ли обучение в средних специальных учебных заведениях(колледже), в трудовой книжке(стаже работы)?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей