Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 27 Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124


Утратил силу

Жеке кәсiпкерлiк туралы
27-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеу

1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс органында (бұдан әрi — тiркеуші орган) дара кәсiпкер ретiнде есепке қою болып табылады.

2. Мына шарттардың бiреуiне сай келетiн:

1) тұрақты негiзде жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдаланатын;

2) жеке кәсiпкерлiктен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшiн белгiленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы бар;

 3) тармақша 31.12.2017 дейін қолданыста болады.

 3) ауыл шаруашылығы өнімін сауда базарларының аумағында өткізетін дара кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.

Аталған дара кәсіпкерлердің қызметіне мемлекеттік тіркеусіз тыйым салынады.

2-1. Қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды:

1) төлем көзінен салық салынатын;

2) мүлік табыстарын;

3) өзге де табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.

3. Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.

Дара кәсiпкердi (бiрлескен дара кәсiпкерлiктi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын уәкілетті орган бекiтедi.

 4. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша салықтық өтініш;

2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

3) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат ұсынады.

Мекенжай анықтамасы не жылжымайтын мүлiкке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсiпкердiң орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар келу тәртібімен ұсынылған кезде жеке тұлға жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.

Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.

Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасы бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда, электрондық түрде ұсынылған салықтық өтінішке сұрау салуда төлем құжатының деректемелерін көрсеткен кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталында қалыптастырылатын «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің хабарламасы қоса беріледі.

Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, жоғарыда аталған құжаттарға – заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде – неке қию (ерлi-зайыпты болу) туралы куәлiктiң көшiрмесі не қамқоршылық және қорғаншылық органы шешімінің көшірмесі немесе кәмелет жасына толмаған адамды толығымен іс-әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмiнің көшірмесі қоса берiледi.

Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

4-1. Жеке тұлға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап тіркеуші орган бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді не мұндай тіркеуден бас тартады.

Мемлекеттік кіріс органы, егер:

 1) өтініш беруші әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және (немесе) хабарсыз кеттi деп танылған және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы болған;

2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;

3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайда, дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуден бас тартуды жүргізеді.

Осы бапта көзделген мемлекеттік тіркеуден бас тарту негіздері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.

6. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беруге арналған өтiнiште, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шартта (жай серiктестiк туралы шартта) көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда, дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) өзгерiстер туралы тiркеушi органға осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) қайта тiркеудi жүзеге асыруға және жаңа куәлiк алуға мiндеттi.

6-1. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу үшін өтініш беруші салықтық өтінішті келу тәртібімен тіркеуші органға қағаз жеткізгіште не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынуға құқылы.

Кәмелет жасына толмаған жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда, салықтық өтініш келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады.

7. Алып тасталды - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8. Бiрлескен дара кәсiпкерлiктi тiркеу кезiнде өтiнiштi үшiншi тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен қатынастарда мүдделерiн бiлдiретiн уәкiлеттi тұлға бередi.

Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бiрлескен дара кәсiпкерлiкке жазылады. Куәлiкке тiркеу органының басшысы куәландырған бiрлескен дара кәсiпкер мүшелерiнiң тiзiмi қоса берiледi.

9. Алып тасталды - ҚР 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 224 (2012.01.01 бастап күшіне енеді), 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 № 297-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 № 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...51

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться