Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Төтенше жағдай туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай – адам шығындарына, денсаулыққа зиян келтiруге, елеулi мүліктік шығындарға немесе тұрғындардың тiршілiк әрекетi жағдайының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан әлеуметтік қатынастар саласындағы белгілі бір аумақта қайшылықтар мен жанжалдардың туындауымен байланысты төтенше жағдай; 

1-1) әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыстық ахуал – елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төнген және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының салық, бюджет, кеден, банк, еңбек, валюта заңнамасының, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы, денсаулық сақтау саласындағы, мемлекеттік сатып алу туралы, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы, азаматтарды әлеуметтік қорғау салаларындағы, мемлекеттік мүлік туралы, мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнамасының қолданылу, елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру ерекшеліктері белгіленуі мүмкін ахуал; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-2) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) жергiлiктi жердiң коменданты – Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын, төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жердегi комендатураның қызметiне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдарды бiртұтас басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам; 

3) жергiлiктi жердiң комендатурасы – төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Президентi құратын уақытша арнаулы орган; 

4) коменданттық сағат – арнайы берiлген рұқсаттамасыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда не үйлерiнен тыс жерлерде жүруге тыйым салынатын тәулiк мезгiлi; 

5) төтенше жағдай – азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерiнде ғана қолданылатын және азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн, мемлекеттiк органдар, ұйымдар қызметiнің ерекше құқықтық режимі болып табылатын уақытша шара; 

6) төтенше жағдай енгiзiлетiн жергілікті жердiң шекаралары – Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағы; 

7) Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия – төтенше жағдай енгiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiсiмен құрылатын арнаулы мемлекеттiк басқару органы. 

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 2 2‑1 ...25

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться