Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы


Утратил силу

Действующий аналог

Азаматтық қорғау туралы

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы
11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

- орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ғылыми ұйымдардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы жұмысын үйлестiредi;

- техникалық регламенттердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi немесе келiседi, төтенше жағдайлар саласында мемлекеттiк есеп жүргiзедi, халықты, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi төтенше жағдайлардан қорғаудың жай-күйi туралы мемлекеттiк баяндамалар дайындайды және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi;

- азаматтық қорғаныс күштерiнiң төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларға қатысуына, өз қарамағындағы жағдайды қадағалайтын, бақылайтын және болжайтын қызметтерге, төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiне басшылық етедi;

- мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына басшылық етедi, өрттердiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды үйлестiредi;

- төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк сараптамаға басшылық етедi және қажет болған жағдайда халықаралық сараптама ұйымдарын тарта отырып тәуелсiз сараптама ұйымдастырады;

- төтенше жағдайлар саласындағы ақпараттың ашық және жария болуын қамтамасыз етедi;

- төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларды қаржыландыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Үкiметiне мемлекеттiк және жұмылдырылған резервтер құрамындағы материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстар қорларының пайдаланылуы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен алынған қаражаттың төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшiн пайдаланылуы туралы ұсыныс енгiзедi;

- төтенше жағдайлар саласында ғылыми зерттеу, бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету iсiн ұйымдастырады;

- төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

- төтенше жағдайларды жою кезiнде құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi аттестаттауды өткiзедi;

- мемлекеттiк органдарға, ұйымдар мен азаматтарға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiнде мiндеттi күшi бар нұсқамалар бередi;

- төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зiлзала мен апатты тексеру iсiн ұйымдастырады, материалдарды белгiленген тәртiппен лауазымды адамдарды, азаматтар мен ұйымдарды жауапқа тартуға бередi;

- халықты және ұйымдарды қажеттi қауiпсiздiк, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы хабардар етедi;

- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi бойынша аймақтық және барынша ауқымды төтенше жағдайларды жоюға тiкелей басшылық етудi жүзеге асырады;

- төтенше жағдайларды жою кезiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады;

- халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi қызметiн қамтамасыз етедi, iзгiлiк шараларын өткiзудi ұйымдастырады;

- авариялық-құтқару қызметтерiнiң (оның iшiнде аэроұтқыр жасақтардың) iс-қимылын қамтамасыз етедi;

- табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында зардап шеккендерге, оның iшiнде авариялық-құтқару қызметтерiнiң қызметкерлерiне шұғыл медициналық көмек көрсетедi;

- табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында техникалық регламенттердi әзiрлейдi;

- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;

- осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 11-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 1998.12.09 N 307, 1999.03.12 N 347, 2000.05.19 N 51, 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi), 2006.12.29 N 209, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...39

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться