Ст. 28 Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113
Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы
28-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдардың әрекет қабiлеттiлiгi
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар мәмiлелердi балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанға сай келуге тиiс. 2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар өздерiнiң жалақысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған санаткерлiк меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасауға құқылы.
3. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның өз жалақысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған санаткерлiк меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн.
4. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар осы баптың ережелерiне сәйкес өздерi жасаған мәмiлелер бойынша дербес жауапты болады және өздерiнiң әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң ережелерiне сәйкес жауапты болады.
5. Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдар мәмілелерді осы мекеме әкімшілігінің келісімімен жасайды.
Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Саламатсыз ба! Сынып жетекшіге сыныбындағы оқушының түнгі уақытта төбелескені үшін сөгіс берілуі қаншалықты заңды
Добрый день, подскажите пожалуйста, в 2022 году встала в очередь на жилье с двумя детьми, как неполная семья. Очередь не дождалась, взяла кредит и в 2024 году приобрела жильё. Снимут ли меня с очереди?
Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей