Ст. 17 Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ
Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы
17-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру
1. Уәкілетті компания үлескердiң салынған көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесiн оған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген мерзiмнен кешiктiрмей беруге мiндеттi. 2. Уәкілетті компания үлескерге оның көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесiн берудi салынған көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін жүзеге асырады.
3. Салынған көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін уәкілетті компания үлескерлерге көппәтерлі тұрғын үйдегі үлестерiн беру жөнiндегi мiндеттемелерді мерзiмiнен бұрын орындауға құқылы.
4. Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес көппәтерлі тұрғын үй құрылысының аяқталғаны туралы және үлестің беруге дайын екендігі туралы үлескерге хат жіберуге, сондай-ақ үлескерді үлесті қабылдап алу қажеттігі туралы және үлескердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген әрекетсіздігінің салдарлары туралы алдын ала ескертуге міндетті. Хат тапсырыс хатпен және пошта жөнелтілімін адресаттың алғаны туралы хабарламамен пошта арқылы жіберілуге немесе үлескерге қолхатпен жеке өзіне табыс етілуге тиіс.
5. Уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үй құрылысының аяқталғаны туралы және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлестің беруге дайын екендігі туралы жазбаша хабарламасын алған үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген мерзімде немесе, егер мұндай мерзім белгіленбеген болса, көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қабылдауға кірісуге міндетті.
6. Жұмыс нәтижелерін қабылдау уақытында ондағы жобалау-сметалық құжаттамадан және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттан кері шегінулерді анықтаған үлескер уәкілетті компаниядан тараптармен келісілген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюды талап етуге құқылы.
5-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ
ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей