Ст. 19 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V
Жол жүрiсi туралы
19-бап. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдер
1. Жол-көлік оқиғаларының орын алуы мен олардың зардаптары жол жүрісі саласында мына бағыттар бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер салдарынан болуы мүмкін: 1) жүк және жолаушы тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың тәуекелі. Бұған техникалық ақауы бар механикалық көлік құралын пайдалануға шығару, сондай-ақ денсаулық жағдайы көлік құралдарын қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етпейтін адамдардың басқаруына рұқсат беру тәуекелі жатады;
2) автомобиль жолдарын, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын басқарушылардың тәуекелі. Бұған жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын пайдалану талаптарын бұза отырып, оларды күтіп-ұстау тәуекелі жатады;
3) медициналық ұйымдар тәуекелі. Бұған:
жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетпеу;
көлік құралдарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері немесе шектеулері бар адамдарды жол жүрісіне қатысуға жіберу тәуекелі жатады;
4) оқу ұйымдарының тәуекелі. Бұған механикалық көлік құралдары жүргізушісі болуға кандидаттарды және балаларды жол жүрісі қағидаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу салдарынан сапасыз оқыту тәуекелі жатады;
5) жобалау және құрылыс ұйымдарының тәуекелі. Бұған жолдар және жол инфрақұрылымы объектілерін жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарын ескермей жобалау, салу, жөндеу және реконструкциялау тәуекелі жатады;
6) көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстарын орындайтын және қызметтерін көрсететін ұйымдардың тәуекелі. Бұған көлік құралдарын жасаушы зауыттар белгілеген нормалар мен қағидаларды, дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттердің талаптарын және көлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптарды бұза отырып, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді жүргізу тәуекелі жатады;
7) көлік құралдарын жобалау мен жасап шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тәуекелі. Бұған:
көлік құралдарын олардың жол жүрісі жағдайларындағы қауіпсіздігі талаптарын ескермей жобалау және жасап шығару;
жасап шығарылатын көлік құралдары мен олардың құрауыштарына қатысты қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін конструкцияның, технологиялық процестердің немесе сериялы және жаппай жасап шығару өнімдерін бақылау жүйелерінің жетілдірілмеу тәуекелі жатады;
8) сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының тәуекелі. Бұған:
көлік құралдарының қауіпсіздігін техникалық реттеу саласында көзделген талаптарды бұза отырып, көлік құралдарының, оларға орнатылатын және (немесе) пайдаланылатын жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектердің сәйкестігін растау;
жаңа көлік құралы конструкциясының жекелеген элементтерінің жетілдірілмеуі, болмауы немесе техникалық ақауы салдарынан жол-көлік оқиғасын жасау;
пайдалануға енгізілетін жаңа көлік құралдары мен олардың компоненттеріне қатысты қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін технологиялық процестердің немесе сериялы және жаппай жасап шығару өнімдерін бақылау жүйелерінің жетілдірілмеу тәуекелі жатады;
9) техникалық қарап тексеруді жүзеге асыратын ұйымдардың тәуекелі. Бұған:
пайдаланылатын көлік құралдары мен олардың құрауыштарына қатысты қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін технологиялық процестердің немесе көлік құралдарын техникалық қарап тексеру желілерін бақылау жүйелерінің жетілдірілмеуі;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу салдарынан механикалық көлік құралдарын техникалық қарап тексеруден сапасыз өткізу жатады;
10) сауда жасаушы ұйымдардың тәуекелі. Бұған көлік құралдары қауіпсіздігінің техникалық талаптарына сай келмейтін көлік құралдарын, көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектерді сату тәуекелі жатады;
11) жолдар мен көлік құралдары иелерінің тәуекелі. Бұған жол-көлік оқиғаларын жасаудың жоғары қаупін туғызатын шарттармен қоса жолдар мен көлік құралдарын пайдалану тәуекелі жатады.
2. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесі осы Заңда белгіленеді.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Астық туралы 9-3-бап. Астықтың қауiпсiздiгi мен сапасы туралы ақпаратқа қойылатын талаптар Тауар биржалары туралы Жол жүрiсi туралы 23-бап. Уәкілетті органның жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері Кодекс РК Об административных правонарушениях Статья 590. Нарушение правил эксплуатации транспортных средств КР Конституциясы 65-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Үкiметтi Конституцияда көзделген тәртiппен құрадыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей