Ст. 29 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V
Жол жүрiсi туралы
29-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету
1. Жол жүрісі қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету: 1) көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден, жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты оны ауыстырған кезде механикалық көлік құралдары жүргізушісін медициналық қарап тексеруден өткізу;
2) көлік құралдары жүргізушілерін рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап тексеруден өткізу;
3) жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсету;
4) жол жүрісіне қатысушыларға, парамедиктерге, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың қызметкерлеріне жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәсілдеріне оқыту болып табылады.
2. Медициналық қарап тексерудің мақсаты көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамның және механикалық көлік құралдары жүргізушісінің жүргізуші қызметіне медициналық қарсы көрсетілімдері немесе шектеулерін айқындау болып табылады.
3. Жол жүрісі қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган медициналық көрсетілімдері бойынша механикалық көлік құралын басқаруға рұқсат берілген адамдарды өз құзыреті шегінде уәкілетті органдардың пайдаланушылары қол жеткізе алатын автоматтандырылған дерекқорға енгізеді.
4. Медициналық көрсетілімдер бойынша механикалық көлік құралын басқаруға рұқсат берілген адамдарды автоматтандырылған тіркеу мен есепке алу және уәкілетті органдар пайдаланушыларының автоматтандырылған дерекқорына қол жеткізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
5. Қайта медициналық қарап тексеру мынадай мерзімдерде өткізіледі:
1) жолаушылар, қауіпті жүктер тасымалдауды орындайтын механикалық көлік құралдарының жүргізушілері – әрбір үш жыл сайын, ал елу жасқа толғандар – жыл сайын;
2) механикалық көлік құралдарының алпыс бес жасқа толған жүргізушілері және мүгедектігі бар жүргізушілер – әрбір екі жыл сайын.
6. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған жағдайларда медициналық көрсетілімдері болған кезде қайта медициналық қарап тексеруден өту қысқартылады, бірақ кемінде бір жылға дейін қысқартылады.
7. Механикалық көлік құралдарын масаң күйде басқарғаны үшін не осындай күйдегі адамның басқаруына механикалық көлік құралын бергені үшін не жүргізушінің масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден жалтарғаны үшін механикалық көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдар осындай құқығын қалпына келтіру алдында, бірақ механикалық көлік құралдарын басқару құқығынан айыру мерзімі өткенге дейін бір айдан ерте емес мерзімде қайта медициналық қарап тексеруден өтуге тиіс.
8. Механикалық көлік құралдары жүргізушілерін себептерін көрсете отырып, қайта медициналық қарап тексеруге мерзімінен бұрын жіберуге:
1) адамдардың механикалық көлік құралдарын, өздігінен жүретін машиналарды басқаруына рұқсат беруге тыйым салатын немесе оларды басқару құқығына шектеу белгілейтін аурулар мен қарсы айғақтар тізбесіне енгізілген ауру белгілері пайда болған кезде – уәкілетті орган, механикалық көлік құралының жүргізушісі жалданып жұмыс істейтін жалдаушы;
2) механикалық көлік құралының жүргізушісінен адамдардың механикалық көлік құралдарын басқаруына рұқсат беруге тыйым салатын немесе оларды басқару құқығына шектеу белгілейтін аурулар мен қарсы көрсетілімдер тізбесіне енгізілген ауру анықталған кезде – денсаулық сақтау ұйымы бастамашы болуы мүмкін.
9. Механикалық көлік құралдары жүргізушілерінің қайта медициналық қарап тексеруден уақтылы өтуіне бақылау:
1) жүргізуші куәлігін беру және ауыстыру, сондай-ақ ол алып қойылғаннан кейін қайтарылған кезінде;
2) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) механикалық көлік құралдары жүргізушілерін жұмысқа қабылдау кезінде және олармен еңбек қатынастары кезеңінде жүзеге асырылады.
10. Механикалық көлік құралдары жүргізушілерін рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап тексеруден:
1) көлік құралдарын пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер;
2) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары өткізеді.
11. Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек:
1) алғашқы сағат ішінде жол-көлік оқиғасы болған жерде және медициналық ұйымға бара жатқан жолда алғашқы көмек;
2) жол-көлік оқиғасы болған жерде, медициналық ұйымға бара жатқан жолда және медициналық ұйымда шұғыл медициналық көмек;
3) жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге медициналық ұйымдарда амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтиды.
Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
30-бап. Орнықты көлік
1. Жол жүрісі процесінде қоршаған ортаға келеңсіз әсер ету деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін көлік құралдары орнықты көлік болып табылады.
2. Орнықты көлік:
1) көліктерді пайдаланушылардың көлік қажеттіліктерін аз шығын жұмсай отырып, барынша қанағаттандыру, сондай-ақ экономиканың бәсекеге қабілеттілігі және өңірлік дамудың теңгерімділігі үшін барлық көлік түрлерінің қолжетімділігін, ұтқырлығын және жұмыс істеуін;
2) шығарындылар мен қалдықтарды азайтуды, сондай-ақ алып жатқан аумаққа барынша аз әсер етуді және шуды азайту шараларын қамтамасыз етуге тиіс.
3. Орнықты көлікке велосипедтер және экологиялық көлік құралдары жатады.
4. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган:
1) орнықты көлікті ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2) орнықты көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары орнықты көлікті дамытуды ескере отырып, көліктік жоспарлауды қамтамасыз етеді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый день. Не могу найти в Законе права усыновлённого ребёнка на наследство, при кровных наследниках. ?
Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста
В письменной форме должны совершаться сделки:
1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота;
2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении;
3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон.
Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда.
Никто не обязан доказывать свою невиновность.
Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов.
Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.
Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.
Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей