Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 88 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.10.2024

Жол жүрiсi туралы
88-бап. Міндетті техникалық қарап тексеру

1. Шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісіне қатысатын және уәкілетті органда тіркелген, сондай-ақ басқа мемлекеттерде тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері міндетті техникалық қарап-тексеруге жатады. 

М1 санатындағы көлік құралдарына жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын және жүргізушінің орнынан басқа, сегізден аспайтын отыратын орны бар көлік құралдары жатады. 

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын ақаулар орын алып, жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, көлік құралдары иелерін міндетті техникалық қарап тексеруден қайталап өтуге жібереді. 

Уәкілетті органның лауазымды адамдары механикалық көлік құралының міндетті техникалық қарап тексеруден өтуі фактісін тексеруді механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді сұрату арқылы жүзеге асырады. 

Техникалық байқаудың диагностикалық картасы халықаралық автомобиль қатынасында пайдаланылатын механикалық көлік құралының міндетті техникалық қарап-тексеруден өткенін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат болып табылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (кіргізілген) күннен бастап қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық жол жүрісіне қатысатын осындай көлік құралдарына қолданылмайды. 

2. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық қарап тексеру операторларының тізіліміне енгізген техникалық қарап тексеру операторлары көлік құралының тіркелген жеріне және көлік құралы иесінің тұрғылықты жеріне қарамастан, міндетті техникалық қарап тексеруден өткізеді. 

Техникалық қарап тексеру операторлары жариялы шарт негізінде қызметтер көрсетеді. 

3. Көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуді қоса атқаруға жол берілмейді. 

Техникалық қарап тексеру операторының аумағында көлік құралдарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуге жол берілмейді. 

Техникалық қарап тексеру операторының аумағында көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу, тазалау және жуу бойынша қызметтерді қоса атқаруға және көрсетуге жол беріледі. 

4. Техникалық қарап тексеру операторы: 

1) техникалық қарап-тексерудің стационарлық және (немесе) ұтқыр желілерін пайдалана отырып, міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуді жүзеге асырады; 

2) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындаған қызмет өңірі шегінде міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуді қамтамасыз етеді; 

3) халықты қызмет өңірінде міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесі туралы хабардар етеді; 

4) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Қызмет өңірін айқындау тәртібін көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 

Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда міндетті техникалық қарап-тексеруді техникалық қарап-тексерудің стационарлық желілері ғана жүзеге асырады. 

Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қызмет өңірінің шегінде міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуді қамтамасыз еткен техникалық қарап-тексеру операторы қызмет өңірінің шегінен тыс жерде міндетті техникалық қарап-тексеруді жүзеге асыруға құқылы. 

5. Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу екі: дайындық және негізгі кезеңдерді қамтиды. 

Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізудің дайындық кезеңі барысында көлік құралын сәйкестендіру және сәйкестендіру нәтижелерінің тіркеу және өзге де құжаттардың деректеріне сәйкестігін тексеру жүргізіледі. 

Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізудің негізгі кезеңі барысында көлік құралының техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін айқындау жұмысы (тексеру) орындалады. 

6. Міндетті техникалық қарап тексеруден өту үшін көлік құралының иесі техникалық қарап тексеру операторына көлік құралын және көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсынады. 

Техникалық қарап тексеру операторы көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректерін және техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасындағы мәліметтерді механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. 

6-1. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігі қағидаларында айқындалады. 

7. Егер көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу нәтижелері бойынша ақаулар және көлік құралы мен оның тіркемелерін пайдалануға тыйым салатын жағдайлар анықталмаса, міндетті техникалық қарап тексеру өткізілді деп танылады. 

Бұл жағдайда көлік құралы иесіне міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген мерзімділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетіле отырып, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы беріледі. 

8. Егер міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу нәтижелері бойынша ақаулар және көлік құралдары мен олардың тіркемелерін пайдалануға тыйым салатын жағдайлар анықталса, міндетті техникалық қарап тексеру өткізілмеді деп танылады. 

Бұл жағдайда көлік құралы иесіне техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы ақаулары көрсетіле отырып беріледі. 

9. Анықталған ақаулар және механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерін пайдалануға тыйым салатын жағдайлар жойылғаннан кейін механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесі оны қайта міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге ұсынады. 

Механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерін қайта техникалық қарап тексеру алғашқы міндетті техникалық қарап тексеру өткізілген техникалық қарап тексеру орталығында не өзге де техникалық қарап тексеру орталығында өткізіледі. 

Механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерін алғашқы міндетті техникалық қарап тексеру өткізілген техникалық қарап тексеру орталығында қайта техникалық қарап тексеруден өткізу кезінде техникалық қарап тексеру белгіленген критерийлерге сай болмаған және техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасында көрсетілген позициялар бойынша ғана жүргізіледі. Бұл жағдайда төлем қайтадан тексерілетін позицияларды тексергені үшін ғана алынады. 

Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кезінде ақаулар анықталғаннан кейін қайта міндетті техникалық қарап тексеруге механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерін ұсынудың ең ұзақ мерзімі күнтізбелік он күнді құрайды. 

10. Механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесі анықталған ақауларды және механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерін пайдалануға тыйым салатын жағдайларды жою жөніндегі жұмыстардың орындалатын жерін және оның орындаушысын өзі анықтайды. 

11. Егер міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу барысында техникалық қарап тексеру операторы механикалық көлік құралының техникалық ақауларын анықтамаса не мұндай ақауларды анықтап, бірақ бұлар туралы мәліметтерді техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасына енгізбесе, техникалық қарап тексеру операторы механикалық көлік құралы иесінің не үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне осындай ақаулардың салдарынан келтірілген зиянды толық көлемде өтеуге міндетті. 

12. Техникалық қарап тексеру операторының міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден бас тартуына: 

1) көлік құралы иесінің көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсынбауы; 

2) иесінің көлік құралын ұсынбауы; 

3) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) уәкілетті органмен келісілмей ауыстырылған көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруге ұсыну; 

4) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруге ұсыну негіздер болып табылады. 

13. Алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы: 

механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі мәліметтерінің анықтығын және қорғалуын; 

уәкілетті орган мен көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне қол жеткізуін;  

механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері иелерінің дербес деректері туралы мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді. 

Ескерту. 88-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...86 87 88 89 90 ...95

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Не могу найти в Законе права усыновлённого ребёнка на наследство, при кровных наследниках. ?


Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста


В письменной форме должны совершаться сделки: 

1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота; 

2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении; 

3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон. 


Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда. 

Никто не обязан доказывать свою невиновность. 

Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов. 

Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики. 

Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются. 


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться