Ст. 11 Табиғи монополиялар туралы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ
Табиғи монополиялар туралы
11-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру
1. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың уәкілетті орган қалыптастыратын тізімі Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі болып табылады. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілмеген тұлғалардың реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуына жол берілмейді.
2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға реттеліп көрсетілетін қызметті тұтынушыларға ұсынуды бастаған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне өзін енгізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.
3. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу оған табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан алып тастау арқылы жүзеге асырылады.
4. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі республикалық және жергілікті бөлімдерден тұрады.
5. Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне екі және одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі.
Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімдеріне бір облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі.
Аэронавигацияның, порттардың, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізіледі.
6. Реттеліп көрсетілетін қызметті өзі ұсынатын орны бойынша Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілуге жататын шетелдік заңды тұлғаны қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне табиғи монополия субъектісі дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркеу орны бойынша енгізіледі.
7. Реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуды тоқтатқан жағдайда, табиғи монополия субъектісі күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей уәкілетті органға өзін Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен алып тастау туралы өтініш береді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 WhatsApp, онлайн/офлайн, выезд в регионы, консультации
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Сәлеметсіз бе!403 бап күшін қай жылдан,қай айдан бастап алынып тасталды?
Қайырлы күн, медициналық клиникада зиянды заттармен яғни соның ішінде қанмен зәрмен,үлкен дәретпен жұмыс істегені үшін қосымша өтемақы төлеуге мәндетті ме клиника?
Здравствуйте! Прошу дать разъяснение по статье 47 ТК РК. Наше предприятие (ГКП на ПХВ) находится в процессе реорганизации. Согласно Постановлению акимата, на этот период мы переданы "на содержание" в другую организацию (ГККП Дирекция). Бухгалтерия ГККП, ссылаясь на статус "на содержании", выплачивает нам только "голые" оклады, отменив все надбавки и доплаты, которые были прописаны в наших действующих трудовых договорах. Доп. соглашений мы не подписывали. Вопрос: Правомерны ли действия бухгалтерии? Обязаны ли нам сохранять все условия оплаты труда в полном объеме на основании ст. 47 ТК РК?
Покупатель заключил договор купли продажи, заплатил но при осмотре объекта продажи отказался от покупки и потребовал расторгнуть договор, в этом случае возвращается ли сумма продажи Покупателю
Как производится удержание алиментов с дохода ИП на упращенке?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей