Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 38 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Дене шынықтыру және спорт туралы
38-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары

Ескерту. 38-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 22.01.2016 № 446-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі және спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық федерациялармен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтізбесіне сәйкес өткізіледі. 

2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық спорттық жарыстар халықаралық спорт ұйымдарының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша өткізіледі. Бұл жарыстар спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтізбесіне енгізіледі. 

3. Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және аккредиттелген тиісті жергілікті спорт федерацияларымен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өңірлік бірыңғай күнтізбесіне сәйкес өткізіледі. 

4. Спортық жарыстар спорт түрлерінің тізіліміне енгізілген спорт түрлері бойынша жарыстар туралы ереженің (регламенттің) негізінде өткізіледі. 

5. Халықаралық спорттық жарыстар аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары әзірлейтін және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін спорттық жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі. 

6. Республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен спорттық жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі. 

7. Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары әзірлейді және оны жергілікті атқарушы орган бекітеді. 

8. Спорттық іс-шараларды, оның ішінде оқу-жаттығу жиындарын өткізу тәртібін, спорттық іс-шаралар түрлерінің тізбесі мен олардың сыныптамасын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

9. Міндетті медициналық тексеруден өткен спортшылардың оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шараларға қатысуға құқығы бар. 

10. Спорт федерациялары, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібін сақтауын, сондай-ақ, спортшылардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтінін білуін қамтамасыз етуге міндетті. 

11. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар іс-шара өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, жергілікті атқарушы органдарға – көрермендердің болжалды саны туралы, күнтізбелік бір күн бұрын – сатылған билеттердің, берілген рұқсаттамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсаттамалардың, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына, мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының саны туралы хабар беруге міндетті. 

12. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық ішкі істер органдары мен мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі. 

13. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыру комитеттерін құрады, олар осы іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатыстырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді. 

14. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар: 

1) жеке тұлғалардың қауіпсіздігі, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындардың, оның ішінде олардағы мүліктің сақталуы үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жәрдемдесуге; 

2) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындармен шекаралас аумақтың абаттандырылуы бұзылған жағдайда, оны қалпына келтіруді қамтамасыз етуге; 

3) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда көрермендердің жүріс-тұрыс қағидаларын орналастыруға міндетті. 

15. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтiрілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеледі. 

Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.01.2016 № 446-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.12.2019 № 280-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...59

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться