Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Дене шынықтыру және спорт туралы
7-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттiорганның құзыретi

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi орган:

1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

1-1) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекітеді;

1-2) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекітеді;

1-3) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекітеді және олардың мөлшерін белгілейді;

1-4) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекітеді;

2) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді;

4) ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргiзедi;

5) салалық көтермелеу жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;

6) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

7) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткiзедi;

8) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерiн халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

9) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгiзудi ұйымдастырады және үйлестiредi;

10) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

11) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады;

12) спортшылар мен жаттықтырушыларға: "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын береді, спортшылар мен жаттықтырушыларды осындай спорттық атақтарынан айырады;

13) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;

14) республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеудi жүзеге асырады;

15) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

16) Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісуімен бекітеді;

17) оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекітеді;

18) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшері туралы ұсыныс енгізеді;

18-2) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын әзірлейді;

19) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын әзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныстар енгізеді және төлемдерін қамтамасыз етеді;

20) дене шынықтыру және спорт сабақтарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;

21) спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекітеді;

22) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;

23) уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен кәсіптік стандарттарға сәйкес аккредиттелген республикалық федерациялардың ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекітеді;

24) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекітеді;

25) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын әзірлейді және бекітеді;

26) жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін бекітеді және олардың сыныптамасын айқындайды;

27) спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекітеді;

28) спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысу қағидаларын бекiтедi;

29) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

30) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын жыл сайын бекітеді;

31) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

32) спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекітеді;

33) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды – аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерацияларының ұсынуымен, олимпиадалық спорт түрлері бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетімен келісу бойынша, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетімен келісу бойынша лауазымдарға тағайындайды және олардан босатады;

34) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

35) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырады;

36) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлау және оған қатысу кезінде сақтандыруды қамтамасыз етеді;

37) спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

38) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

39) республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;

40) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды әзірлейді және бекітеді;

41) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

42) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

43) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларын бекітеді;

44) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізеді;

44-1) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

45) спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарына "Үздік" номинациясында атақтар беру қағидаларын бекітеді;

46) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "Үздік спорт журналисі" атағын беру қағидаларын әзірлейді;

47) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекітеді;

48) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекітеді;

49) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу бағдарламаларын келіседі;

49-1) ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекітеді;

50) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу жоспарларын келіседі;

50-1) жеңімпаздарына дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;

50-2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;

51) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

52) жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекітеді;

53) халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекітеді;

54) спорттық іс-шаралардың шығыстар құрылымын бекітеді;

55) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібі мен шарттарын бекітеді;

56) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдарын бекітеді;

57) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

58) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарын әзірлейді, жасасады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;

59) алып тасталды - ҚР 11.05.2017 № 65-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
60) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

61) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;

62) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін әзірлейді және бекітеді;

63) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

64) жергілікті атқарушы орган ұсынған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін келіседі;

65) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлейді және бекітеді;

65-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

65-2) Қазақстан Республикасының спорттық әдебін әзірлейді және бекітеді;

65-3) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

65-4) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

65-5) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

65-6) осы Заңға сәйкес бірыңғай операторды айқындайды;

65-7) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын әзірлейді;

65-8) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

65-9) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

65-10) мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

65-11) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

66) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.05.2017 № 65-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.12.2019 № 280-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.05.2020 № 395-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2023 № 15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...59

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться