Ст. 8 Ұлттық әл-ауқат қоры туралы 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV
Ұлттық әл-ауқат қоры туралы
8-бап. Қордың директорлар кеңесі
1. Қордың директорлар кеңесі Қордың жалғыз акционері сайлайтын төраға мен мүшелерден тұрады.
2. Алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Қордың директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер:
1) Қордың іс-шаралар жоспарын бекіту;
2) Қордың іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу, бекіту, оларға мониторинг жүргізу, олардың іске асырылуын бағалау, беру тәртібін, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау;
3) Қордың іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау мен талдауды, іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру;
4) Қордың іс-шаралар жоспары шеңберінде Қор қызметінің негізгі көрсеткіштерін айқындау;
5) Қордың жылдық бюджетін әзірлеу, бекіту, орындау және оған мониторинг жүргізу тәртібін бекіту;
6) Қордың жылдық бюджетін бекіту;
7) осы Заңмен тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешім Қордың жалғыз акционерінің құзыретіне жатқызылған компанияларды қоспағанда, компанияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімдер қабылдау;
8) акцияларды орналастыру (сату) туралы, оның ішінде жария етілген акциялардың саны шегінде орналастырылатын (сатылатын) акциялардың саны, оларды орналастыру (сату) тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау;
9) акцияларды қоспағанда, орналастырылған бағалы қағаздарды Қордың құнын төлеуі және олардың құнын төлеу бағасы туралы шешім қабылдау;
10) Қордың саясаттарын: тәуекелдерді басқару, қайырымдылық көмек жөніндегі, әлеуметтік жауапкершілік туралы, ақпаратты ашу, кредиттік, өнеркәсіптік және өзге де саясаттарын бекіту;
11) Қордың аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды және жылдық бюджетті бекіту шеңберінде оның қызметтеріне ақы төлеудің шекті мөлшерін айқындау;
12) осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасында көзделген мәселені қоспағанда, мәселелерді жалғыз акционердің қарауына шығару туралы шешім қабылдау;
13) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
14) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
15) Қордың директорлар кеңесі жанынан комитеттер құру туралы шешімдер қабылдау;
16) басқарманың сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, басқарма мүшелерін сайлау, сондай-ақ Қор басқармасының төрағасын қоспағанда, олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
17) басқарма төрағасы мен оның мүшелерінің лауазымдық жалақыларының мөлшерін және еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын айқындау;
18) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысын тағайындау, сондай-ақ оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы мен сыйлықақы мөлшерін және оларды төлеу шарттарын айқындау;
19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін іске асыру мақсатында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында орналастырылатын Қор тобына кіретін ұйымдар акцияларының бағасы, саны, орналастыру құрылымы туралы шешім қабылдау;
20) Қордың ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту. Директорлар кеңесі бекітуге тиіс құжаттардың тізбесін ол дербес айқындайды;
21) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелердің Қордың тобына кіретін ұйымдар арасында жасалуының тәртібін айқындау;
22) Қордағы корпоративтік басқаруды бағалау тәртібін бекіту;
23) Қорға тиесілі барлық активтердің жиынтығында жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы Қордың өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы;
24) Қордың міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайту;
25) Қордың басқа заңды тұлғалар акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын сатып алуы (иеліктен шығаруы);
26) Қордың облигацияларын, туынды бағалы қағаздарын шығару және Қордың меншікті капиталы мөлшерінің бір және одан да көп пайызы сомасына Қордың өзге де қарыз тартуы шарттарын айқындау;
27) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
28) Қордың директорлар кеңесінің қызметіне жыл сайын бағалау жүргізу;
29) осы Заңға сәйкес Қордың жалғыз акционерінің, басқармасының немесе басқарма төрағасының айрықша құзыретіне жататын шешімдерді қоспағанда, директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжаттарда көзделген шешімдерді қабылдау;
29-1) корпоративтік хатшыны тағайындау және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, корпоративтік хатшы өкілеттігінің мерзімін, корпоративтік хатшыға қойылатын талаптарды, оның функцияларын, қызмет тәртібін, корпоративтік хатшының лауазымдық айлықақысының мөлшерін және корпоративтік хатшыға сыйақы төлеу шарттарын айқындау;
29-2) Қордың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын Қор тікелей немесе жанама түрде иеленетін ұйымдардың сатып алуын жүзеге асыру тәртібін бекіту;
30) осы Заңға және (немесе) Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
4. Осы баптың 3-тармағының 7) және 19) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша, Қор жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын компанияларға қатысты шешімдерді компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің кейіннен дауыс беруі мақсатында акционер (қатысушы) ретінде Қордың ұстанымын айқындау үшін Қордың директорлар кеңесі қабылдайды.
4-1. Қордың директорлар кеңесінің шешімі негізінде осы баптың 3-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген саясаттар, Қор тобына кіретін, барлық дауыс беретін акцияларына (қатысу үлестеріне) Қор тікелей немесе жанама иелік ететін компанияларға не ұйымдарға қолданылуы мүмкін.
5. Қордың директорлар кеңесінің қызметін, оның ішінде директорлар кеңесі отырысының күн тәртібін қалыптастыратын және Қордың директорлар кеңесінің мүшелеріне отырыстың өткізілетіні туралы хабарлама жіберетін корпоративтік хатшы және Қор қамтамасыз етеді.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 08.06.2021 № 48-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей