Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12 Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы
12-бап. Міндетті және төтенше жарналар, оларды төлеу тәртібі. Қордың қарыз алуы

1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы қатысу шартына сәйкес міндетті және төтенше жарналарды төлеуге міндетті.  

Міндетті жарналардың ставкасын Қор жыл сайын айқындайды. 

Міндетті жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша міндетті жарналардың мөлшері сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемі негізге алына отырып есептеледі.  

Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша міндетті жарналардың мөлшері сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру ұйымы есепке жазған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі негізге алына отырып есептеледі. 

2-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтер мен өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді қатысушы-сақтандыру ұйымы бұзған жағдайда, мұндай сақтандыру ұйымы үшін міндетті жарна ставкасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ұлғайтылуға тиіс. 

2-2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін резерв: 

1) осы Заңның 7-бабында көзделген Қордың кепілдіктері бойынша міндеттемелерін; 

2) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды Қордың жүзеге асыруына байланысты шығыстарды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді өтеу үшін пайдаланылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарын тартады. 

Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналары есебінен қалыптастырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор өзінің меншікті капиталын "жалпы сақтандыру" саласы не "өмірді сақтандыру" саласы бойынша, сақтандырудың қай саласы бойынша кепілдік берілетініне қарай, сақтандыру ұйымдарына тиесілі акциялардың саны шегінде пайдаланады. Бұл ретте Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарының есебінен қалыптастырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінен асатын, осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру бойынша шығыстары қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен олардың шартты міндеттемелері шегінде өтелуге жатады.  

Осы Заңда көзделген, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор ағымдағы тоқсанның соңына дейін Қордың директорлар кеңесі белгілеген мөлшерде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын пайдалануға құқылы. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін қалпына келтіру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің пайдаланылған сомасы мөлшерінде төтенше жарналар тартады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері соңғы есепті күнге сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға қатысушы-барлық сақтандыру ұйымдарының қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің жалпы көлеміндегі сақтандыру ұйымы қалыптастырған сақтандыру резервтерінің үлесіне пропорционалды түрде айқындалады. 

Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері ағымдағы есепті кезеңде сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға қатысушы-барлық сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлеміндегі өзі жасасқан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.  

Төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және өз капиталы жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және өзге де ұйымдар Қорға қарыз беруге құқылы, бұл қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге жатады. 

6. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын міндетті және төтенше жарналар төлеуден босатпайды.  

7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айрылған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымының міндетті және төтенше жарналарды төлеу міндеттемелері соттың қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады. 

Қатысушы-сақтандыру ұйымының (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда) міндетті және төтенше жарналарды төлеу міндеттемелері соттың оны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады. 

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының міндетті және төтенше жарналарды төлеу міндеттемелері уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.  

Осы Заңға сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымдары төлеген міндетті және төтенше жарналар қайтарылуға жатпайды. 

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...24

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться