Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 29 Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы
29-бап. Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы құзыреті

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган: 

1) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; 

3) мыналарға: 

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау құқығына; 

азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану құқығына лицензиялар береді; 

4) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар бередi; 

4-1) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) алып тасталды 

6) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының Мемлекеттiк кадастрын әзiрлейдi және бекiтедi; 

7) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi; 

8) криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдiстерiн әзiрлейдi; 

8-1) мыналарды: 

азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын; 

азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын; 

азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын;  

азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді; 

8-2) криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдiстерiн бекiтедi; 

8-3) заңсыз сақталатын атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтеулі тапсыру тәртібін белгілейді; 

8-4) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрын әзірлеу, басып шығару және жүргізу тәртібін айқындайды; 

8-5) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

8-6) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi; 

9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

2. Азаматтық және қызметтік қару айналымына бақылау жасауды жүзеге асыратын аумақтық және көліктегі ішкі істер органдарының өкілеттігі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының қару айналымын регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.  

Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.02.22 № 297, 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209, 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 № 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. Қорытынды ережелер

Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...33

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться