Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15-13 Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы
15-13-бап. Уәкілетті орган қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері

1. Уәкілетті орган қызметшілерінің:  

1) Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Еңбек кодексімен Қазақстан Республикасының азаматтарына кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;  

2) өз өкілеттіктері шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;  

3) лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;  

4) лауазымдық міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ұйымдарға баруға; 

5) басшыдан уәкілетті орган қызметшілерінің атқаратын лауазымына сәйкес лауазымдық өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл айқындауды талап етуге;  

6) жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де жеке тұлғалар және лауазымды адамдар тарапынан өзіне әділ және құрметпен қарауына;  

7) бюджет қаражаты есебінен оқуға және біліктілігін арттыруға; 

8) өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға және қажет болған кезде жеке түсініктемелер беруге;  

9) біліктілігі, қабілеті, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін адал орындауы ескеріле отырып, лауазымы бойынша жоғарылауға;  

10) қызметшінің пікірінше негізсіз айыптаулар болған кезде қызметтік тергеп-тексеруді талап етуге; 

11) педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.  

2. Уәкілетті органның қызметшілері:  

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға; 

2) уәкілетті органның актісінде айқындалған тәртіппен ант беруге;  

3) жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға; 

4) өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;  

5) өз өкілеттіктері шегінде шығарған басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен нұсқауларын орындауға;  

6) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде алатын, жеке тұлғалардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруді талап етпеуге;  

7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;  

8) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу жеткізуге; 

9) лауазымдық өкілеттіктерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіптік деңгейі мен біліктілігін арттыруға; 

10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық кіші жүйелермен (оларға қолжетімділік болғанда) жұмыс істеген кезде алынған ақпаратты қоса алғанда, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезінде кез келген жеткізгіш түрінде қабылдау үшін кез келген қолжетімді нысанда алынған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, сақтандыру, зейнетақы жинақтарының құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, сондай-ақ басқа да ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;  

11) уәкілетті орган қызметшісі лауазымына орналасқан күннен бастап бір ай мерзімде инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигациялары мен акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және уәкілетті органның кадр қызметіне нотариат куәландырған сенімгерлік басқару шартының көшірмесін ұсынуға міндетті. 

3. Уәкілетті органның қызметшілері инвестициялық қорлардың пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигациялары мен акцияларын сатып алуға құқылы емес. 

3-1. Егер уәкілетті органның лауазымды адамы уәкілетті органда өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезеңінде жұмысын тоқтатудың алдындағы бір жылда аталған адам өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне байланысты осы коммерциялық ұйымды тексеру нысанындағы бақылау функцияларын тікелей жүзеге асырса не осы коммерциялық ұйымның қызметі оның лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес уәкілетті органның көрсетілген лауазымды адамымен тікелей байланысты болса, уәкілетті органда жұмысы тоқтатылғаннан кейін бір жыл бойы коммерциялық ұйымға жұмысқа қабылдана алмайды. 

4. Уәкілетті органның қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай тексерілетін субъектілердің қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және бейтарап орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар туралы, оның ішінде: 

1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары; 

2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары; 

3) тексерілетін субъектілерден алған қарыз және тексерілетін субъектілер алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелер туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті. 

Ескерту. 15-13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...15‑11 15‑12 15‑13 15‑14 15‑15 ...17

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться