Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 16 Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы 2021 жылғы 29 маусымдағы № 57-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы
16-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік кепілдіктер

1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызмет атқарудың ерекше сипаты және қызметкерлердің жауаптылығы қосымша әлеуметтік құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі. 

2. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің бiр елді мекеннен кемінде елу километрден асатын қашықтықтағы екiншiсіне көшуiне байланысты қызмет бабымен орын ауыстыруы және ілгерілеуі кезінде қызметкердің өзiне екi айлық ақшалай қамтым мөлшерінде және онымен бiрге көшкен әрбiр отбасы мүшесiне оның айлық ақшалай қамтымының жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленедi.  

Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің қызмет бабымен орын ауыстыруы және ілгерілеуі кезінде оған он тоннаға дейінгі жеке мүлкін тасымалдауға, сондай-ақ онымен бiрге көшкен отбасы мүшелерiнің жол жүруін қоса алғанда, теміржол, су, автомобиль көлігімен жол жүруіне арналған шығындар бюджет қаражаты есебінен өтеледі. 

Қызмет бабымен орын ауыстыруы және ілгерілеуі кезінде көтерме жәрдемақыға, көлікпен жол жүруге және жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындардың өтелуіне құқығы бар мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің лауазымдар тізбесін уәкілетті орган айқындайды. 

3. Қызмет өткеру кезеңінде мемлекеттік наградалар - ордендермен наградталған мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне қызметтен босатылған кездегі біржолғы жәрдемақы мөлшері олардың айлық ақшалай қамтымының екі айлықақысына ұлғайтылады. 

4. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, оның ішінде қызмет өткеру кезеңінде қаза болған, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен қызметкерлерінің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан кезектен тыс орын береді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады. 

Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...14 15 16 17 18

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться