Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 35 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
35-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор

1. Мемлекеттік аудит жүргізген кезде басқару процестерін оңтайландыру, қайталануды болғызбау және мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды қамтамасыз ету үшін "электрондық үкімет" жүйесімен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі – бірыңғай дерекқор) жұмыс істейді. 

Бірыңғай дерекқорды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау тәртібін Жоғары аудиторлық палата мен тиісті мемлекеттік органдар бірлесіп айқындайды. 

2. Бірыңғай дерекқор мемлекеттік аудиттің мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі, нәтижелері, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау қызметі бойынша бүкіл ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты қамтиды. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бірыңғай дерекқорға тиісті рұқсат деңгейі беріледі. 

3. Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит объектілері, оның қаржылық және өзге де көрсеткіштері жөніндегі ақпарат бірыңғай дерекқорға шоғырландырылады. 

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бірыңғай дерекқорға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде орналастыруға міндетті. 

Мемлекеттік аудит объектілері бірыңғай дерекқорды толықтыру үшін қажетті сұратылатын ақпаратты ұсынуға міндетті. 

Бірыңғай дерекқорды Жоғары аудиторлық палата әкімшілендіреді, оның тиімді жұмыс істеуі, ондағы орналастырылған ақпараттың сақталуы мен қауіпсіздігі үшін жауапты болады. 

Мемлекеттік аудит объектілері бірыңғай дерекқорды қалыптастыру үшін ұсынылатын деректердің анықтығы мен толықтығы үшін жауапты болады. 

Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТКЕ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Статья 1 ...33 34 35 36 36‑1 ...62

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться