Ст. 16 Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV
Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау және камералдық бақылаудың нәтижелері
1. Мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялар тапсыруға міндетті. 2. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялардың, тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың және есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің негізінде камералдық бақылау жүргізеді. Жылжымалы түрдегі автожанармай құю станцияларынан бөлшек сауда арқылы өткізу жүзеге асырылған жағдайда, камералдық бақылау мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялар және тауарларға ілеспе жүкқұжаттар негізінде жүргізіледі.
3. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша айырмашылықтар анықталған жағдайларда, мұндай бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғаға хабарлама табыс етіледі.
Хабарламада мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе толық атауы, сәйкестендіру нөмірі, салық қызметі органының атауы, хабарламаның күні, хабарламаны жіберу үшін негіздеме, оған шағымдану тәртібі көрсетіледі.
4. Хабарлама мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе оның өкіліне жеке қолын қойғыза отырып немесе оны жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы не хабарлардың кепілді түрде жеткізілуін қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы электрондық түрде жіберілген хабарлама жауаптың пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы алынған күнінен бастап не хабарлама электрондық түрде жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін табыс етілді деп саналады.
Мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлға хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде оны орындауды жүзеге асырады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.
Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей