Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 18 Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
18-бап. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуді және мұнай өнімдерін беруді мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Ескерту. 18-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 500-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Мұнай өнімдерін өндірушілер қуаттарының барынша жүктелуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ішкі нарығының мұнай өнімдеріне қажетін қанағаттандыру мақсатында жыл сайын, 15 желтоқсаннан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган алдағы күнтізбелік жылға, қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілер үшін мұнайды, қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарын бекітеді. 

2. Мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспары шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің көлемін айқындайды, оны мұнай өнімдерін өндіруші Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерінің болжалды тұтынылуын ескере отырып, күнтізбелік жыл ішінде мұнай өнімдерінің тиісті түрлерін өндіру үшін ай сайын қайта өңдеуге міндетті. 

3. Мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспары көктемгі егіс-дала және жиын-терін жұмыстары кезеңінде - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді, сондай-ақ жылу беру маусымы кезеңінде - жылумен жабдықтаушы ұйымдарды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді есепке ала отырып жасалады. 

4. Мұнай берушілер жыл сайын, 30 қарашадан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға алдағы күнтізбелік жылға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің жоспарланған көлемдерін, берілу мерзімдерін және өндірілген мұнай өнімдерін беру бағыттарын көрсете отырып, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беруге өтінімдер жібереді. 

5. Мұнай өнімдерін өндіруші мынадай: 

1) мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін растайтын құжаттың болуы; 

2) мұнай берушіде берілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаттың (сапа паспортының) болуы. 

3) алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 500-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінімдер ескеріле отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай берушілер үшін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін жеткізіп беру кестесін бекітеді, онда мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жоспарын қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беру көлемдері мен мерзімдері көрсетіледі. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін жеткізіп берудің алдағы күнтізбелік жылға арналған кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 15 желтоқсанға дейін бекітеді және бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің назарына жеткізеді. Мұнай берушілер шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беруді шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің бекітілген кестесіне сәйкес жүзеге асыруға міндетті. 

7. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ай сайын, жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың 25-інен кешіктірмей алдағы күнтізбелік айға мұнай өнімдерін беру жоспарын бекітеді және оны өзінің интернет-ресурсында жариялайды.  

Мұнай өнімдерін беру жоспарында: 

1) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай берушілердің және мұнай өнімдерін өндірушілердің тізбесі; 

2) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, әрбір мұнай беруші және мұнай өнімдерін өндіруші: 

тікелей беру шеңберінде; 

Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржалары арқылы алдағы күнтізбелік айда Қазақстан Республикасының ішкі нарығына беруге міндетті мұнай өнімдерінің әрбір түрінің көлемі; 

3) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, әрбір мұнай беруші және мұнай өнімдерін өндіруші осы Заңда белгіленген шарттарда өз қалауы бойынша алдағы күнтізбелік айда Қазақстан Республикасының аумағында не оның шегінен тыс жерлерге өткізуге құқылы мұнай өнімдерінің әрбір түрінің көлемі көрсетіледі. 

8. Қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай берушілер және мұнай өнімдерін өндірушілер өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі шикі мұнайдан және (немесе) газ конденсатынан өндірілген мұнай өнімдерін беруді мұнай өнімдерін беру жоспарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті. 

Мұнай өнімдерін беру жоспары шеңберінде мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды жүзеге асырған тұлғалар сатып алынған мұнай өнімдерін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында ғана өткізуге міндетті. 

8-1. Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларына, соның ішінде баға белгілеу тәртібін қамтитын қағидаларына сәйкес, мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға міндетті. 

9. Осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында аталған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесінің берілуі мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай берушілермен шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу туралы шарт жасасуының талабы болып табылады. 

10. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беру графигінің және мұнай өнімдерін беру жоспарының орындалуы туралы есеп береді. 

10-1. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген ережелер мазутты беруге қолданылмайды. 

11. Мұнай өнімдерін өндірушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға әкімшілік есепке алу нысаны бойынша, мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі үшін қажетті мәліметтер ұсынуға міндетті. 

12. Мұнай жеткізуші, егер осындай өтеу жеткізуші мен өндірушінің арасындағы шарт талаптарында көзделген болса, өндірушінің алыс-беріс шикізатынан қайта өңделген өнімдер бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы бойынша шығыстар сомасын өндірушіге өтеуге құқылы. 

13. 31.12.2020 дейін қолданыста болды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI Заңдарымен.

14. Мұнай беруші мұнай өнімдерін өндірушіге осындай мұнай берушіге тиесілі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған технологиялық отынды өткізеді. 

Бұл ретте мұнай беруші мұнай өнімдерін өндірушіге алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылған технологиялық отынды сатып алуға байланысты шығыстарды мұнай беруші мен мұнай өнімдерін өндіруші арасындағы шартта белгіленген тәртіппен және шарттарда өтейді. 

Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.22 № 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.12.2013 N 152-V (10.08.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться