Ст. 58 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ
Азаматтық қорғау туралы
58-бап. Жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу
Жеке тұлғалар денсаулығына зиян келтірілуіне не жақын туыстарының қайтыс болуына байланысты нұқсанның өтелуін талап етуге құқылы. Жеке және заңды тұлғалар өздерінің мүлкінің жеке немесе заңды тұлғалардың қызметінен туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан бүлінуіне немесе жойылуына байланысты нұқсанды өтеуді талап етуге құқылы.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеуді зиян (нұқсан) келтіруші ерікті түрде немесе сот шешімі бойынша жүргізеді.
Жеке тұлғалардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиян (нұқсан) келтірушінің есебінен толық көлемде өтелуге жатады.
Зиян (нұқсан) келтірушілер жерді рекультивациялау мен жердің табиғи құнарлылығын қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды қоса алғанда, қоршаған ортаға келтірілген нұқсанды өтеуге міндетті.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлармен жеке тұлғалардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиян (нұқсан) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, зардап шеккендердің ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті шекте өтеледі.
Салынған тұрғын үй төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен беріледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй Қазақстан Республикасының аумағындағы экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйі тұруға жарамсыз болған азаматтарға өтеусіз негізде беріледі.
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын, уақытша құрылыстар, шаруашылық-тұрмыстық және өзге де салынған құрылыстар, сондай-ақ заңсыз салынған объектілер;
2) бағалы киім, сән-салтанат заттары не бағалы металдардан жасалған, көркемдік құндылығы бар заттар өтелуге жатпайды.
Жеке және заңды тұлғалардың төтенше жағдайлар туындаған кезде сақтандыру объектісі болып табылған мүлкіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен сақтандырушының қаражаты есебінен өтелуге жатады.
Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының нұқсан келтірушіден жүзеге асырылған сақтандыру төлемі шегінде сақтандыру төлемін өтеуді талап етуге құқығы бар.
6-БӨЛІМ. ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
12-тарау. ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Лучшие юристы





И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Добрый день! Подскажите пожалуйста сделали Соглашение о задатке. Но в соглашении указан срок оплаты остальной суммы на момент заключения основного договора купили-продажи, но в срок Задаткополучатель не предоставил договор-купли продажи. Является ли этот срок прекращением этого соглашения? Если да, то Задаткодатель имеет ли право обращаться в суд для возврата оплаченного задатка?
Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей