Ст. 68 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ
Азаматтық қорғау туралы
68-бап. Өртке қарсы ерікті құралымдар
1. Дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында өртке қарсы ерікті құралымдар құрылуы мүмкін. 2. Өртке қарсы ерікті құралымдардың негізгі міндеттеріне:
1) дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру;
2) дала өрттерін, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету;
4) халықты өрт қауіпсіздігі шараларына және өрт шыққан кездегі іс-қимылдарға оқыту жатады.
3. Өртке қарсы ерікті құралымдар ерікті өрт сөндірушілерден жасақталады.
Ерікті өрт сөндірушілерге өздерінің іскерлік және моральдық қасиеттері бойынша, сондай-ақ денсаулық жағдайына қарай өрттердің алдын алуға және (немесе) сөндіруге байланысты міндеттерді атқаруға қабілетті азаматтар ерікті негізде жеке тәртіппен қабылданады.
Ерікті өрт сөндірушілерге қабылданған азаматтар жүргізілуін өртке қарсы ерікті құралымдар жүзеге асыратын ерікті өрт сөндірушілер тізіліміне тіркеледі және мамандандырылған оқу орталықтарында бастапқы даярлықтан өтеді.
Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын уәкілетті орган бекітеді.
Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі даярлығы өртке қарсы ерікті құралымда жүзеге асырылады.
Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі даярлық бағдарламасын өртке қарсы ерікті құралымның басшысы әзірлейді және оны уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы бекітеді.
4. Өртке уақтылы ден қою үшін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша өртке қарсы ерікті құралымның басшысы ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәртібі мен оларды өрт шыққан жерге жеткізу тәсілін айқындайды.
5. Ерікті өрт сөндіруші өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оның отбасы мүшелеріне соңғы атқарған лауазымы бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде біржолғы жәрдемақы төленеді.
6. Ерікті өрт сөндірушіге қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі, жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы, ауыруы салдарынан мүгедектік белгіленген кезде оған мынадай мөлшерлерде:
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – жалақысының бес еселенген жылдық мөлшерінде;
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға жалақысының екі еселенген жылдық мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
7. Ерікті өрт сөндіруші қызметтік міндеттерін атқару кезінде еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айырылып ауыр мертіккен, жарақаттанған, жараланған, контузия алған, ауырған жағдайда, оған мүгедектік белгіленбей, жалақысының жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде біржолғы жәрдемақы төленеді.
8. Осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген біржолғы жәрдемақылар бюджет қаражаты есебінен төленеді.
9. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізеді.
Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей