Ст. 72 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ
Азаматтық қорғау туралы
72-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау
1. Заңды тұлғалар: 1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау;
3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;
4) алып тасталды - ҚР 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
6) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестаттауға жатады.
2. Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау туралы құжаттарды қарауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi орган қарау қорытындылары бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі – аттестат) беру немесе аттестатты беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
5. Алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Өтініш берушінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі себебіне байланысты аттестат беруден бас тартылуы мүмкін.
Заңды тұлға көрсетілген себепті жойған кезде аттестаттау туралы өтініш жалпы негіздерде қаралады.
7. Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаған ұйым (бұдан әрі – аттестатталған ұйым) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзып, оның ішінде осы баптың 2-тармағында көзделген құжатта анық емес ақпарат бере отырып қызметін жүзеге асырған жағдайда, аталған ұйым Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылмаған жағдайда, аттестаттан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Аттестаттың қолданылуы:
1) аттестатталған ұйым аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтініммен өтініш ұсынған;
2) оның қолданылу мерзімі өткен;
3) заңды тұлға таратылған;
4) аттестаттан айырған жағдайларда тоқтатылады.
8. Аттестатталған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында орналастырады және (немесе) ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган берілген және өз қолданысын тоқтатқан аттестаттардың тізілімін жүргізеді.
Ескерту. 72-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.
Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .
можеть ли ао реализовать имущество ниже оценочной стоймости
здравствуйте, может ли местный исполнительный орган принять выморочное имущество, которое находится в залоге у банка (долг перед банком 9 млн). Если да то каким образом вернуть деньги банку?
Сәлеметсіздер ме? Мен мектепте 13 сағат жүктеме және 0,5 ставкамен тәрбие орынбасары қызметі бойынша жұмыс жасаймын. Менің өтінішім күнделікті жұмыс уақытымды есептеп берсеңіздер. Мен толық 8 сағат жұмыс жасауға міндеттімін ба?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей