Ст. 9 Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255
Шаруашылық серiктестiктерi туралы
9-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң тоқтатылуы
1. Шаруашылық серiктестiгi:
1) шаруашылық серiктестiгiнiң құрылған мерзiмi өткен соң;
2) құрылғанда алдына қойған мақсатына жеткеннен соң;
3) қатысушылардың арасындағы келiсiм бойынша;
4) шаруашылық серiктестiгi белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған жағдайда;
5) осы Заңда, басқа заң актiлерiнде немесе шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылады.
2. Шаруашылық серiктестiгiнiң тоқтатылуы қайта ұйымдастыру (қосылу, қосып алу, бөлiну, қайта құру) немесе тарату жолымен жүргiзiледi.
Шаруашылық серiктестiгi қайта ұйымдастырылған кезде серiктестiктiң құрылтай құжаттарына және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне қажеттi өзгерiстер, ал таратылған кезде – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне тиiстi мәліметтер енгізіледі.
3. Шаруашылық серiктестiгiнiң бiр түрiн, осы Заңның ережелерiн сақтай отырып, қатысушылардың жалпы жиналысында шаруашылық серiктестiгiнiң басқа түрiне не өндiрiстiк кооперативтерге айналдыруға болады.
4. Толық серiктестiктi немесе сенiм серiктестiгiн акционерлiк қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке айналдырғанда акционерлiк қоғамның, жауапкершiлiгi шектеулi, немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң қатысушысы болған әрбiр толық серiктес толық немесе сенiм серiктестiгiнен акционерлiк қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке кешкен мiндеттемелер бойынша екi жыл бойы өзiнiң барлық мүлкiмен субсидиарлық жауап бередi. Бұрынғы толық серiктестiң өзiне тиесiлi акцияларын (үлестерiн) ажыратып алуы оны мұндай жауапкершiлiктен босатпайды.
5. Шаруашылық серiктестiгiн таратуды - оған қатысушылар тағайындаған тарату комиссиясы, ал банкрот болған жағдайда - банкроттықты басқарушы жүргiзедi.
Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмде шаруашылық серiктестiгiнiң алдағы уақытта таратылатыны туралы жариялайды.
6. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап шаруашылық серiктестiгiнiң iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған көшедi.
Тарату комиссиясы шаруашылық серiктестiгiнiң қолда бар мүлкiн бағалайды, кредиторларды анықтайды және олармен есеп айырысады, тарату балансын жасап, оны серiктестiкке қатысушыларға табыс етедi.
Кредиторлардың талабын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актiсіне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес жүргiзiледi.
7. Шаруашылық серiктестiгiнде қалған мүлiк серiктестiк қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, соның iшiнде заң актiлерiнде көзделген өтемдiк төлемдер жасау бойынша есеп айырысқаннан және бюджет пен кредиторлар алдындағы мiндеттемелер орындалғаннан кейiн қатысушылардың арасында серiктестiктiң жарғылық капиталындағы олардың салымына қарай немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа тәртiп бойынша тең бөлiнедi.
8. Шаруашылық серiктестiгi таратылған кезде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына тарату балансы ұсынылады, соның негiзiнде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне серiктестiктің таратылғаны туралы тиісті жазба енгізіледі.
9. Тарату аяқталды, ал шаруашылық серіктестігі өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген кезден бастап есептеледі.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1996.07.15 N 30-1, 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
II-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРIКТЕСТIКТЕРIНIҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIНIҢ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
I-ТАРАУ. ТОЛЫҚ СЕРIКТЕСТIК
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей