Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 29 Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы 1997 жылғы 7 мамырдағы N 101 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы
29-бап.

Сенат пен Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерi заң жобаларымен жұмыс жүргiзу, Палатаның қарауына жататын мәселелердi алдын ала қарау және әзiрлеу үшiн құрылады.

Өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн Палатаның тұрақты комитетi:

1) заң актiлерiне қорытындылар жасайды, тиiстi Палатаның Бюросына заң актiсi жобасын отырыстың күн тәртiбiне енгiзу не онымен жұмысты жалғастыру немесе дәлелдi негiздеме келтiре отырып, оны қабылдамау туралы ұсыныстар енгiзедi;

2) тиiстi Палатаның немесе оның Бюросының тапсырмасы бойынша нақты заң жобасы немесе Палатаның қарауына жататын басқа мәселе жөнiндегi бас комитет қызметiн атқарады;

3) енгiзiлген заң жобаларын қарау жөнiндегi жұмыс топтарын құрады, олардың құрамына заң жобасы бастамашыларын, мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктер, ғылыми мекемелер өкiлдерiн, мамандарды, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер басшыларын тартады;

4) заң актiлерi жобаларын әзiрлеу үшiн жұмыс топтарының құрамы жөнiнде тиiстi Палатаның Бюросына ұсыныстар енгiзедi;

5) осы заң актiсiне қатысты мәселелер бойынша заң жобасының бастамашыларын тыңдайды;

6) енгiзiлген заң жобаларының, қаулылар, Парламент пен оның Палаталары қабылдайтын басқа да актiлер жобаларының мәтiнiн өзгерту және (немесе) толықтыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

7) өзiн заң жобасы немесе басқа мәселе бойынша бас комитет деп белгiлеген жағдайда Палата тұрақты комитеттерiнiң, депутаттарының ескертпелерi мен ұсыныстарын жинақтайды, қорытынды және материалдар, сондай-ақ қосымша баяндама дайындайды;

8) Палаталар Республиканың лауазымды адамдарын қызметке тағайындауға Президентке келісім беру, оларды сайлау, тағайындау, қызметтен босату және ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру жөнiндегi өкiлеттiгiн жүзеге асыру мақсатында өз отырысында ұсынылған кандидатураларды талқылайды және қарау нәтижесi бойынша қорытынды шығарады;

9) Парламент комиссияларының құрамына жіберілетін Палаталар депутаттарының кандидатуралары бойынша ұсыныстар енгізеді;

10) (алып тасталды - 2009.04.29. N 154-IV Заңымен); 
 

11) тиiстi Палата Бюросының шешiмiмен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi;

12) өз қарауындағы мәселелер бойынша Палаталардың басқа тұрақты комитеттерiнiң, мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, ғылыми мекемелердiң, мамандардың пiкiрлерiн сұрауы мүмкiн;

13) Парламент Палаталарына есеп беретiн лауазымды адамдардың есебiн немесе хабарын Парламент сессиясында тыңдау туралы ұсыныстар енгiзедi;

14) депутаттар енгiзген мәселелер мен ұсыныстарды қарайды, олар бойынша шешiм қабылдайды, қабылданған шешiмдердiң жүзеге асуын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың орындалуына бақылау жасайды;

15) Палатаның қарауына сыртқы және iшкi саясаттың жалпы және жекелеген мәселелерi бойынша декларациялар, үндеулер мен мәлiмдемелер қабылдау туралы ұсыныстар енгiзедi;

16) Палата Бюросына шет мемлекеттерге жiберiлетiн ресми парламенттiк делегациялардың құрамы жөнiнде ұсыныс енгiзедi.

 

Статья 1 ...27 28 29 29‑1 30 ...61

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться