Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 14 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 381-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы
14-бап. Жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың құқықтары

1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру білім беру қызметімен және ғылыми қызметпен қатар жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар қызметінің басым бағыты болып табылады. 

2. Жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар өздерінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан: 

1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарға дербес иелік етуге; 

2) лицензиялық шарт бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін пайдалану құқығын беруге; 

3) айрықша құқықтарды басқаға беру шартының негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне айрықша құқықты иеліктен шығаруға; 

4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне айрықша құқықты кепілге беруге; 

5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне айрықша құқықтарды жарғылық капиталға жарна ретінде енгізуге; 

6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне айрықша құқықты өзге де тәсілмен иелік етуге құқылы. 

3. Мемлекеттік жоғары оқу орындары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар өздерінің ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында өздерінің мүлкінің меншік иесінің келісімінсіз стартап-компанияның құрылтайшылары болуға құқығы бар. 

Мемлекеттік жоғары оқу орындары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар мемлекеттік органдардың келісімінсіз ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына салым ретінде зияткерлік меншік құқығын ғана енгізуге құқылы. 

Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары оқу орындарының зияткерлік меншікке мүліктік құқықтарға иелік етуі уәкілетті мемлекеттік органның – олардың мүлкінің меншік иесінің келісімінсіз жүзеге асырылады. 

4. Жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында басқа да жеке және заңды тұлғаларды құрылатын стартап-компаниялардың құрылтайшылары (қатысушылары) ретінде тартуға құқығы бар. 

Осы жеке және заңды тұлғалардың стартап-компаниялардың жарғылық капиталына салымы олардың қатысу үлесінің кемінде елу пайыз ақшалай қаражатымен не зияткерлік меншікке айрықша құқықпен, материалдармен, жабдықтармен немесе ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін қажетті өзге де мүлікпен төленуі мүмкін. 

5. Жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар өздерінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, уәкілетті мемлекеттік органның – өздерінің мүлкінің меншік иесінің келісімінсіз ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру нәтижесінде алынған табыстарға дербес иелік етуге құқылы. 

6. Стартап-компанияның жарғылық капиталына салым ретінде енгізілетін зияткерлік меншік құқықтарын бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

7. Мемлекеттік жоғары оқу орындары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар өздерінің мүлкінің меншік иесінің келісімінсіз стартап-компаниялардың жарғылық капиталдарындағы өздерінің қатысу үлестеріне дербес иелік етуге құқылы. 

8. Құрылтайшылары (қатысушылары) мемлекеттік жоғары оқу орындары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар болып табылатын стартап-компаниялардың жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестеріне иелік етуден алынған табыстар, сондай-ақ осы мемлекеттік жоғары оқу орындары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар алған стартап-компаниялар табысының бір бөлігі олардың дербес иелік етуіне түседі. 

Стартап-компанияның қызметінен алынған табыстар зияткерлік меншіктің құқықтық қорғалуына, автор мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдем көрсеткен адамдарға сыйақы төлеуге және стартап-компанияның жарғыда көзделген басқа да шығыстарына жұмсалады. 

9. Егер жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың ішкі құжаттарында өзгеше көзделмесе, авторлардың үлесі жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар алған стартап-компания табысы үлесінің отыз пайызынан кем болмауға тиіс. 

10. Стартап-компания таратылған кезде мемлекеттік жоғары оқу орындары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар жарғылық капиталға салым ретінде енгізген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар осы ұйымдарға беріледі. Егер жарғылық капиталға салым ретінде зияткерлік қызмет нәтижелерін пайдалану құқығы енгізілген болса, онда тиісті лицензиялық шарт стартап-компания таратылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.
Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...19

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться